Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
Жаңалықтар

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

15.09.2025

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті.

Кең ауқымды іс-шараға мегаполистің бес ауданы түгел қамтылып, тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің және түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Қала аумағында санитарлық тазалау, көгалдандыру, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, аулаларды абаттандыру секілді жұмыстар кешенді түрде жүргізілді.

Абай ауданында өткен сенбілікке 2450 адам жұмылдырылды. Іс-шара аясында қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен қоқыс алаңдарын жуу, аулаларды бояу және абаттандыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға 53 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 96 тонна қоқыс шығарылды.

Әл-Фараби ауданында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына 1109 қызметкер қатысты. 26 техника көмегімен көшелер мен тротуарлар тазаланып, шөп шабу, бұтақ кесу, аула аумақтарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 34,5 тонна қалдық арнайы қоқыс орындарына шығарылды.

Еңбекші ауданындағы сенбілікке 779 адам қатысып, 41 техника жұмылдырылды. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалау, ағаш бұтақтарын кесу, шөп шабу және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, 16,7 тонна қоқыс жиналды.

Қаратау ауданында 820 адам сенбілікке белсене қатысып, 35 техника көмегімен санитарлық және абаттандыру шараларын жүзеге асырылды. Тұрмыстық және табиғи қалдықтар тазартылып, көше бойлары ретке келтірілді. Нәтижесінде 47,8 тонна қоқыс шығарылды.

Тұран ауданындағы сенбілікке 830 адам атсалысып, 39 арнайы техника пайдаланылды. Қоғамдық кеңістіктер мен көгал аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 23 тонна қалдық шығарылды.

Өткізілген «Таза қала» сенбілігі Шымкент қаласының тұрғындары мен ұйымдарының жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетті. Жалпы алғанда, сенбілікке қала бойынша шамамен 5990 адам, 194 арнайы техника қатысып, 218 тоннадан астам тұрмыстық және табиғи қалдықтар шығарылды.
«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен бұл сенбілік қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жанашырлық танытатын мәдениеттің қалыптасуына оң ықпал етуде. Мұндай ауқымды шаралар — тек тазалық пен тәртіптің кепілі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ориентиры развития страны: высоко оценен сборник избранных размышлений Президента

08.09.2026

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ориентиры развития страны: высоко оценен сборник избранных размышлений Президента

08.09.2026

​Ел дамуының бағдары: Президенттің таңдаулы сөздерінің жинағы жоғары бағаланды

08.09.2026

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.