Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
Жаңалықтар

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

23.09.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі.

Пресс-турдың негізгі мақсаты – колледждің білім беру мүмкіндіктерін, түлектердің жетістіктерін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар алдымен колледж басшылығымен кездесті. Колледж директоры Гүлмира Жапбарқызы баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, білім беру мекемесінің әлеуеті туралы кең көлемде ақпарат ұсынды. Ол оқу орнының жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін атап өтті:

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі – Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласына мамандар даярлайтын базалық оқу орны болып табылады. 2017 жылы біз “Үздік колледж” номинациясын жеңіп алдық. Қазіргі таңда оқу процесі үш корпус бойынша жүргізіледі. Барлық ғимараттар санитарлық талаптарға сай жабдықталған және 558 орындық оқу кабинеттері бар. Колледжде 9 оқу шеберханасы мен 10 құзыреттілік орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Студенттеріміз 2014 жылдан бері дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда, оның 40 пайызы – теориялық, 60 пайызы – өндірістік тәжірибе. Қазіргі кезде 527 студент дуальды жүйеде білім алудамыз. Сонымен қатар, біз Шымкент қаласының 35 кәсіпорнымен серіктестік орнатып, түлектердің еңбек нарығына тікелей шығуына мүмкіндік береміз», – деді.

Жиын барысында студенттердің авторлық үлгілерінен тұратын сән көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушыларға колледждің шығармашылық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, Coworking алаңы мен жастарға арналған заманауи шығармашылық кабинеттер көрсетілді. Колледжде қолданылатын құрал-жабдықтардың қатарында жапондық JUKI, Kanzai, италиялық Rotondi және түркиялық Özbilim брендтері бар, олардың барлығы WorldSkills стандарттарына сәйкес келеді. Бұл білім беру үрдісінің сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Пресс-турдың екінші бөлімінде қатысушылар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің Құзыреттілік орталығына барды. Мұнда «Сән технологиясы» бойынша республикалық дайындық алаңының жұмысымен танысты. Қонақтар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған орталықтың мүмкіндіктерін көріп, студенттердің тәжірибелік сабақтарын бақылады.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдері колледждің серіктес кәсіпорындарын аралап, олардың өндірістік үрдісімен танысты. Алдымен «АГФ» тігін фабрикасының жұмысымен таныстырылып, киім тігу технологиялары мен студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері көрсетілді. Кейін «Назар-Текстиль» кілем фабрикасына барып, өндірістік қуат, өнім сапасы және экспорттық әлеует жайлы ақпарат берілді.

Айта кету керек, колледж студенттері халықаралық аренада да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Олар WorldSkills, EuroSkills және Abilympics чемпионаттарының жеңімпаздары атанып, 2024 жылы Франциямен бірлесіп халықаралық салалық аккредитациядан өткен. Түркиядағы колледждер және «Денизли» индустриялық аймағымен серіктестік байланыстар орнатылған. Бүгінде студенттердің 10 стартап жобасы жүзеге асырылып, оған 40-қа жуық жас қатысуда. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттер де Abilympics чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.