Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ «АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ «АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

    01.10.2025
    Шымкент қаласында электр энергиясымен қамтуды арттыруға бағытталған маңызды жоба – «Ақжар» 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы басталып, бастапқыда 2023 жылы бітуі тиіс еді. Алайда кабель желісінің ұрлануына байланысты жұмыс мерзімі созылып, жоба 2024 жылға өтпелі болып танылды.
    Өткен жылы 2 шақырымға жуық 110 кВ кабель желісі ұрланғандықтан, мердігер мекеме «ТПЭП» ЖШС оны өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі мамыр айында нысанға арнайы барып, құрылыс қарқынын бақылап, жұмыстарды тамызға дейін аяқтауды тапсырған болатын. Дегенмен кабельді дайындау, монтаждау және қосу технологиялық уақытына байланысты нысанды белгіленген мерзімде тапсыру мүмкін болмады. Мердігер компания нысанды қараша айында толық аяқтауды жоспарлап отыр.
    Қазіргі таңда қосалқы станциядағы жұмыстар толығымен аяқталып, автотрансформаторларға және кабель жүйесіне қуат беріліп, сынақтан өткізілді. Кабель толық қуаттылықта қосылған. Енді нысанды ресми қабылдау актісі дайындалуда.
    Жобаның жалпы құны – 6,5 млрд теңге. Бүгінге дейін 6,2 млрд теңге игерілді. Биылға 293,6 млн теңге қарастырылған. Құрылыстың ресми аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 30 қыркүйек.
    Бұл жоба іске қосылған жағдайда Шымкенттің жаңа шағын аудандарының электр қуатымен қамтылуы едәуір жақсарып, қаланың энергетикалық инфрақұрылымына тың серпін береді деп күтілуде.
    Толығырақ: https://www.youtube.com/live/0BWUpHWDaXQ?si=ObcnD-KnaQUa2X3P
    #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.