Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ РЕТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙМЫН»
Жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ РЕТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙМЫН»

05.12.2025

«Қазір әлемде болып жатқан үдерістерді бәріңіз де көріп-біліп отырсыздар. Геоэкономикалық ахуал өте құбылмалы әрі бұлыңғыр. Осындай кезеңде бизнес өкілдерінің жасампаздық, отаншылдық қасиеттері айқын көрінеді. Мұндай уақытта кәсіпкерлеріміздің табанды еңбегі және ел болашағына деген зор сенімі аса маңызды екені анық. Түптеп келгенде, сапалы өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету – бәсекеге қабілетті болу және ең бастысы, еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу деген сөз. Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге, ұлттық буржуазиямызға, соның ішінде, ең алдымен, осы залда отырған бизнес қоғамдастықтың өкілдеріне шынайы құрметпен қараймын. Сіздердің қабілеттеріңізге, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріңізге сенемін. Сіздер мемлекетіміздің игілігі, экономикалық әлеуеті үшін табанды еңбек етіп келе жатқан Қазақстанның нағыз патриотысыздар. Сіздер жетістікке жетуден шабыт алатын, өзгелерге үлгі болатын азаматсыздар. Әр қадамдарыңыз сәтті болатынына сенімдімін. Қандай да бір істе болсын, пессимизмге бой алдыратын, әрекетсіз, құлықсыз, іші тар адамдардың жетістікке жетпейтіні ертеден белгілі. Мұны, әсіресе, әлеуметтік желіде уақытын өткізіп жатқан жастар білуі әрі есте сақтауы керек. Шығыс даналығы ең қиын жағдайдың өзінде үлкен мүмкіндіктер жасырынып жататынын айтады. Сондықтан еңсені түсіріп, күйзеліске берілудің қажеті жоқ. Керісінше жетістікке жететін жол іздеу керек».

Сондай ақ Мемлекет басшысы өз сөзінде «Елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған»-деп атап өтті. «Мұны барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр. Креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді. Халықаралық қаржы институттарының есебіне сәйкес, аталған сегмент әлем бойынша жыл сайын 2 триллион доллардан аса табыс әкеле алады, сондай-ақ 50 миллионнан астам жұмыс орнын ашуға қауқарлы. Бірқатар дамыған елде, мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Корея Республикасында креативті индустрия ішкі жалпы өнімнің 2-ден 7 пайызға дейінгі көлемін қалыптастырады. Сарапшылардың бағалауынша, креативті индустрияға салынған әр доллар қосылған құнның 2,5 долларын құрайды. Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді. Алайда еліміздің ішкі жалпы өніміндегі бұл сектордың үлесі 1 пайыз ғана».

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.