Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкентте жаңа әмбебап жедел қызметтер кешендері ашылды
Жаңалықтар

Шымкентте жаңа әмбебап жедел қызметтер кешендері ашылды

07.12.2025

Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласының Елтай және Таскен шағын аудандарында әмбебап жедел қызметтер кешендері ашылды. Олардың бірегей ерекшелігі – бір аумақта өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерінің орналастырылуы болып табылады. Жобалар «Аумақтарды дамыту жоспары» аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымды жаңартудың жарқын үлгісі болды.

Салтанатты ашылу рәсімдеріне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері, Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, ТЖ департаментінің жеке құрамы және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Жергілікті бюджет есебінен салынған әмбебап кешендер алты айдың ішінде бой  көтерді. Мұнда 50-ге дейін қызметкер еңбек етеді, ал әр кешен екі өрт сөндіру көлігін орналастыруға есептелген.

Ғимарат заманауи қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай жобаланған: бір қабатты нысанда қызметтік бөлмелер, ГТҚҚ бекеті, асхана және оқу сыныбы бар. Құтқарушыларды даярлауға арналған оқу мұнарасы мен спорт алаңы қарастырылған. Сондай-ақ полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне арналған жеке бөлмелер мен олардың техникасын қоюға арналған жайлар бар.

Министр жаңа кешен қызметкерлеріне символикалық кілттерді табыстап, бөлімшелердің жедел кезекшілікке толық дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін Сауле шағын ауданында,  ал 2026 жылдың басында Бозарық-3 шағын ауданында осындай кешендердің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Жаңаталап және Ақжар шағын аудандарында тағы алты нысан салу жоспарлануда.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.