Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

17.12.2025

Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.

– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ресурстарды үнемдеп пайдаланудың маңыздылығына да тоқталып, азаматтарды осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымызды қоғамда мүлдем жаңа мәдениетке айналдыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, таза, қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңыздылығына назар аударды.

– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Бұл ядролық энергетика саласында жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізеді. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Дүние жүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр, бұған дайын болуымыз қажет. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын және инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріп, энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап көрсетті.

– Біз заманауи өндіріс орындарын ашып, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, жақында америкалық технология бойынша жасалған суперкомпьютер іске қосылды. Жаһандық үрдістерге сай жаңа «дата-орталықтар» салынып, «бұлтты» инфрақұрылым қалыптасады. Мұның барлығы энергетика саласы үшін үлкен сынақ болмақ. Сондықтан осы маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажет, – деді Президент.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.