Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Басты ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

10.02.2026

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың құбылмалы кезеңіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтары мен Үкімет алдында тұрған шешуші міндеттерді нақтылап берді. Президент жаһандық ахуалдың күрделене түскенін атап өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру – қазіргі кезеңдегі басты мақсат екенін айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылар әлемдік экономиканың өсімі баяулап, халықаралық сауда мен дамушы елдерге бағытталатын инвестиция көлемі азаяды деп болжауда. Көптеген мемлекет өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп, тарифтік шектеулерге көшкен. Жаһандану үдерісінің кері сипат ала бастауы геосаяси ахуалды түбегейлі өзгертуде. Осындай жағдайда Қазақстан үшін сыртқы өзгерістерге дер кезінде бейімделу – стратегиялық маңызы бар міндет.

Президент бұрынғы экономикалық тәсілдердің тиімділігі төмендегенін ашық айтты. Озық елдер жаңа экономикалық модельдер әзірлеуге кіріскенін атап өтіп, Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмауы тиіс екенін қадап айтты. Ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға арналған нақты әрі нәтижелі жоспар қажет. Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, өткен жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскенін атап өтті.

Алайда Президент үшін басты мәселе – өсімнің сапасы. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсім ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруы керек екенін ерекше атап өтті. Ішкі жалпы өнімнің өсуі азаматтардың нақты табысының артуымен тікелей байланысты болуы тиіс. Бұл – Үкіметтің негізгі міндеті.

Осы мақсатқа жету үшін Президент тұрақты өсім моделіне көшуді ұсынды. Мұндай модель мемлекет тарапынан экономиканың стратегиялық даму бағыттарын нақты айқындап, қаржы ресурстарын өсім әкелетін басты салаларға бағыттауды көздейді. Бұл тәсіл ұлттық табысты қоғамға анағұрлым әділ әрі тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы экономикалық және қаржылық саясатты қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

Президент Үкіметтің таяу міндеттері ретінде еңбек өнімділігін арттыруды, технологиялық жаңаруды және адами капиталды дамытуды атады. Инвестициялық саясатты жандандыру мен бизнестің мүддесін тұрақты қорғау – жаңа экономикалық модельдің негізгі тірегі болуға тиіс. Бұл саясаттың түпкі нәтижесі халық табысын арттырып, елдің экономикалық дербестігін нығайтуы қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу экономиканың қосалқы құралы емес, оның басты қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтты. Жасанды интеллект негізіндегі цифрландыру еңбек өнімділігін арттыруға, экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және Қазақстанды жаһандық цифрлық экономика тізбегіне кіріктіруге бағытталуы керек. Президент жасанды интеллектіні дамыту экономикалық идеологияның ғана емес, ұлттық идеологияның да маңызды тірегіне айналуға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфляция мәселесіне баса назар аударды. Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру – Үкімет пен Ұлттық банктің шұғыл міндеті екенін айтты. Президент бұл бағытта бос сөз бен нәтижесіз «жол карталарына» жол берілмейтінін ескертіп, нақты әрі тиімді іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Алдағы үш жылда инфляцияны төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдануы тиіс.

Президент сөзін қорытындылай келе, бүкіл мемлекеттік аппарат нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек екенін атап өтті. Мемлекеттік саясаттың басты өлшемі – халықтың табысының артуы мен тұрмысының жақсаруы. Тек осы жағдайда ғана қабылданған шешімдердің тиімділігі мен ел дамуының дұрыс бағыты айқын көрінбек.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.