Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болды
Жаңалықтар

Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болды

ais_mediaBy ais_media14.02.2026Комментариев нет1 Min Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты.
«Ең бастысы, өзімізде бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болды, ол – цифрлық қауіпсіздік, цифрлық деректерді қорғау және азаматтың құқығы тек қана офлайн емес, онлайн да қорғалуы. Оны Мәжілісте Цифрлық кодекске де енгіздік. Бірақ оны Ата заңымызда белгілеу өте маңызды болды. Қаншама азаматтарымыздың деректері желіге тарап кетіп, оны алаяқтар қолданып, азаматтарымыздың ақшаларын иеленіп кеткеніне куә болдық. Осыған тосқауыл қою, осыған төтеп беру үшін цифрлық деректерді қорғау болды, оны бекіту және дұрыс деңгейге шығару өте маңызды болды», — деді А.Қожаназаров.
Мәжіліс депутаты басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
«Бұл мәселемен маған бірнеше азамат жүгінді, ол – жекеменшік үйін, адамның баспанасын қорғау, оны сот шешімінсіз ешкімді үйінен шығаруға құқығы жоқ екенін бекіту. Бұл өте маңызды бап. Қазір түрлі-түрлі жағдайлар болып жатыр. Осыған жол бермес үшін осындай шешім қабылданды. Конституциямызды талқылау барысында қаралған тағы бір мәселе — ашықтық және халықпен кеңесу. ХХІ ғасырда қандай ел Конституцияны жазған кезде бүкіл халықпен ақылдасып, олардың пікірін жинап, оны тікелей эфирде көрсетті? Қазақстан ашықтығымен бірінші орында тұр деп ойлаймын», — деді А.Қожаназаров.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖАҢА ОРТА

13.08.2026

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНА ЖАҢА ҒЫЛЫМИ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.