Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Жаңалықтар

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

12.03.2026

Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер!
Түркістандықтар әрқашан бірлігімен, елдігімен дараланған.
Бүгін біз тағы бір тарихи белестің алдында тұрмыз.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтеді.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам.
Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған.
Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асуы.
Жаңа Конституциялық модель арқылы біз Әділетті Қазақстанды құрудың берік негізін қалаймыз. Бұл құжаттың басты ерекшеліктеріне тоқталсақ:
Біріншіден, адам құндылығы бәрінен жоғары қойылады. Бұдан былай «мемлекет адам үшін» жұмыс істейді. Әр азаматтың құқығы мен қадір-қасиеті бәрінен биік тұрады.
Екіншіден, әлеуметтік жауапкершілік күшейеді. Мемлекеттің халық алдындағы міндеттері кеңейіп, қоғамдағы теңсіздікті азайтуға бағытталған нақты тетіктер бекітіледі.
Үшіншіден, білім, ғылым және инновация балаларымыздың сапалы білім алып, ғылым жолында еркін қанат қағуына жол ашады.
Төртіншіден, тәртіп пен әділдік қағидаты, яғни заң үстемдігі мен табиғатқа ұқыпты қарау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі.

https://www.instagram.com/reels/DVwPZ3wjP0h/ 

Құрметті қауым!
Түркістан – қазақ руханиятының қара шаңырағы, мемлекеттігіміздің алтын бесігі.
Кезінде Тәуке хан атақты «Жеті жарғыны» дәл осы киелі мекенде қабылдап, ел ішінде әділдікті орнатқан еді.
Бүгінгі конституциялық реформалар – сол бабалар аманатының заманауи жалғасы.
Қазір Түркістан облысы көз алдымызда түлеп, түрленіп келеді. Жаңа жолдар салынып, кәсіпорындар ашылуда. Ауыл шаруашылығы мен туризм жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Шаһарымыз түркі әлемінің мақтанышына айналды.
Осы оң өзгерістердің бәрі – біздің бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың жемісі.
Құрметті жерлестер!
Әділетті Конституция – мықты мемлекеттің кепілі. 15 наурыз күні референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Бұл – сіздің, балаларыңыз бен немерелеріңіздің жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Нұралхан КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының әкімі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.