Әлеуметтік желілерде «Алаш» базарына қатысты түрлі ақпараттар таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз
Қазіргі таңда базар аумағындағы 200-ден астам бір қабатты ескі сауда орнынан тұратын сауда павильонын жаңарту жұмысы жоспарлануда. Бұл сауда орындарының қауіпсіздігін, санитарлық талаптарға сәйкестігін және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі.
Жаңарту барысында ешбір кәсіпкер орынсыз қалдырылмайды. Базар әкімшілігі тарапынан барлық саудагерге балама сауда орындары (уақытша немесе тұрақты) ұсынылады. Қазіргі уақытта базар басшылығы саудагерлерге түсіндірме жұмысын жүргізуде.
Осыған байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерден расталмаған ақпараттарға сенбеуді және ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз.


