Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді
    Жаңалықтар

    Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді

    15.04.2026

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімі Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп басшылығымен бірлесіп, мектеп қабырғасында Ұлы Отан соғысы, Ішкі істер органдары және Ұлттық ұланның батырлары мен ардагерлеріне арналған патриоттық музей ашты.

    Бұл игі бастама – өскелең ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, ерлік пен батырлыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған үлкен тәрбиелік мәні бар жоба. Жаңа ашылған музейде ел қорғаған батырлардың ерлігі, ардагерлердің өмір жолы, тарихи құжаттар мен жәдігерлер қойылып, келушілерге шежірелі мәліметтер ұсынылды. Мұндай рухани орданың ашылуы – жас буынның тарихи санасын жаңғыртып, олардың отансүйгіштік сезімін арттыруға зор ықпал етері сөзсіз.

    Салтанатты жиын аясында мектеп оқушыларынан құралған “Жас бүркіт” әскери-патриоттық клубының мүшелері ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершіліктерін сезінген ерекше сәтке куә болды. Жас сарбаздардың жүрек тебірентерлік ант беру рәсімі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Клуб мүшелеріне арнайы Жауынгерлік Тудың табысталуы – олардың болашақта ел қорғаны болуға жасаған алғашқы қадамының айқын белгісі іспетті.

    Іс-шара барысында екі мекеме басшылары өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жандандыруға уағдаласты. Бұл келісім – білім беру мен әскери-патриоттық тәрбиені ұштастырудағы маңызды қадамдардың бірі.

    Музейдің ашылуына белсенді атсалысқан мектеп директоры, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және клубтың белсенді оқушылары бөлім командирінің атынан алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.

    Шараға Шымкент қаласы бойынша құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер қатысып, жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ардагерлердің өнегелі әңгімелері жастарға үлкен рухани серпіліс сыйлады.

    Кеш соңында мектеп оқушылары мен әскери оркестрдің қатысуымен әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем әндер мен патриоттық рухтағы шығармалар көрермендердің көңілінен шығып, шараның маңызын одан әрі арттыра түсті.

    Бұл тағылымды шара – жас ұрпақты елін сүюге, Отан алдындағы парызын адал орындауға тәрбиелейтін маңызды бастамалардың бірі. Осындай игі істердің жалғасын табуы – ел болашағының жарқын кепілі.

     

    капитан М. Шынжігітова

    6698 әскери бөлімі

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.