Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ
Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

20.04.2026

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің психолог мамандарына арналған үшкүндік практикалық дайындық ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрамды тәрбиелеу саласындағы психологиялық жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу сапасына бірыңғай көзқарас қалыптастыру, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайту, салауатты психологиялық ахуалды сақтау, сондай-ақ кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға олардың психологиялық төзімділігі мен дайындығын қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар, психолог мамандардың жеке құрам арасындағы жағымсыз құбылыстарды болжау, анықтау және алдын алу, жедел әрекет ету мен психологиялық көмек көрсету бағытындағы кәсіби шеберліктерін арттыру көзделді.

Практикалық дайындық барысында тәжірибелі мамандар дәріс оқып, қатысушылармен тәжірибелік сабақтар өткізді. Атап айтқанда, практикалық психолог, гештальт-терапевт Салтанат Асанова, Қызылорда облысының психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы, психология ғылымдарының магистрі Әсел Әлихан, практикалық психолог, гештальт-терапевт, психология ғылымдарының магистрі Аян Ахметова, дінтанушы, PhD докторы, теолог Бақтияр Оспанов өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сабақтар «Өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдеріндегі психологиялық жұмыстарды жетілдірудің негізгі талаптары», «Социометрия: іске асыру, қорытындылау, нәтижелері», «Эмоционалды интеллект және оны дамытудың жолдары», «Психологиялық саулық моделі және тұлға құрылымының деңгейлері», «Дағдарыс диалогы: суицидтің алдын алудағы психологиялық тәсілдер»  және басқа да тақырыптарды қамтыды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басқармасының психолог маманы, подполковник Альмира Құрманәлиева аталған жиынның маңыздылығына тоқталып:

— Бұл практикалық дайындық психолог мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар алдағы қызмет барысында тиімді психологиялық жұмысты ұйымдастыруға оң ықпал етеді. Жалпы, практикалық дайындық жоғары әдістемелік деңгейде өтті, — деп атап өтті.

Қатысушылар тың ақпараттар мен тәжірибелік дағдыларға ие болып, өз білімдерін жетілдірді. Алынған білім мен тәжірибе олардың алдағы қызметінде тиімді қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.