Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкент прокуратурасы «Болашақпен диалог» жобасын іске қосты
Жаңалықтар

Шымкент прокуратурасы «Болашақпен диалог» жобасын іске қосты

27.04.2026

Шымкент қаласында қалалық прокуратураның бастамасымен «Болашақпен диалог» атты ауқымды жоба бастау алды. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жүзеге асып жатқан бастаманың негізгі мақсаты – «жеңіл ақша» туралы қалыптасқан жалған түсініктерді жойып, жас ұрпақтың бойында адал еңбектің құндылықтарын қалыптастыру.

Жобаның алғашқы спикері – әлеуметтік желілерде 5,2 миллионнан астам аудиториясы бар танымал блогер Нұрдаулет Бектұрсын болды.

Жобаның алғашқы кездесуі М. Сапарбаев атындағы Орталық Азия инновациялық университетінде өтті. Іс-шара форматы дәстүрлі дәрістерден өзгеше – «тең-теңімен» қағидатына негізделген ашық диалогпен өрбіді. Мұнда 35 жасқа дейінгі спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Кездесудің бастамашысы әрі модераторы, Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Дінислам Әлжан мұндай форматтың маңыздылығына тоқталды.

«Жастар арасында жетістікке оңай жетуге болады деген иллюзия жиі кездеседі. Біз табысты адамдардың жетістікке жету жолындағы шынайы еңбегін көрсеткіміз келеді. Әлеуметтік желілерде көбіне тек нәтиже – әдемі өмір көрінеді, ал оның артында ұзақ жылдық еңбек жатыр. Басты мақсатымыз – жетістікке тек «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтай отырып қол жеткізуге болатынын түсіндіру. Заңның бір күнге болсын сақталмауы қоғамда бейберекетсіздік пен қауіпсіздіктің әлсіреуіне әкеледі. Жоба жүйелі түрде жалғасады – кездесулер 2026 жылдың соңына дейін екі апта сайын өткізіледі», – деді ол.

Өз кезегінде Нұрдаулет Бектұрсын студенттермен ашық әңгіме жүргізіп, Кентау қаласындағы қарапайым фельдшерден миллиондаған аудиториясы бар блогерге дейінгі жолының оңай болмағанын айтып, «жеңіл табыс» туралы түсініктерден сақ болуға шақырды.

«Instagram-да көрсетілетін жеңіл ақшаға сенбеңіздер. Интернет – құрал ғана: одан пайдалыны да, зияндыны да алуға болады. Мен де қарапайым студент кезімде қаржылық қиындықтарды бастан өткердім. Уақыт өте келе бір нәрсені түсіндім. Шынайы табыс – адал еңбекпен келуі қажет. Патриот болу – ұрандату емес, өз орныңды тауып, мамандық игеріп, елге пайда келтіру. Заманауи технологияларды меңгеріңіздер, бірақ әрдайым есте сақтаңыздар: тәртіп пен заңды сақтау – барлық жетістіктің негізі», – деді ол.

Кездесу барысында прокуратура жасанды интеллект көмегімен әзірлеген «Заңсыз бір күн» тақырыбындағы дайындалған бейнеролик көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Аталған бейнежазба небәрі бес күн ішінде Instagram желісінде миллион қаралым жинаған.

Айта кетейік, бүгінгң кездесуге 150-ден астам студент қатысты. «Болашақпен диалог» жобасы алдағы уақытта заңды сақтай отырып жетістікке жетуге бағыттайтын ұғымдарын жастар үшін нақты маңызды алаң болмақ.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.