Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕГІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУҒА ҰЛАСТЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУҒА ҰЛАСТЫ

08.05.2026

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, игі бастама жастардың патриоттық тәрбиесімен және ардагерлерге құрмет көрсетумен сабақтасты.
Акция барысында қала тұрғындары, еріктілер, оқушылар мен ата-аналар тарихи-мәдени нысандарды тазалап, батырлар рухына тағзым етті.
Іс-шараның негізгі нысандарының бірі — «Даңқ» мемориалы кешені болды. «Жастар ресурстық орталығының»еріктілері 145 мыңнан астам жауынгердің есімі қашалған мәрмәр тақталарды тазалап, «Мәңгілік алау» аумағын ретке келтірді.
Тазалық және абаттандыру жұмыстары Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Сабыр Рахимов және Әлия Молдағұлова ескерткіштері маңында да жалғасты. Атап айтқанда, №12 және №29 мектептердің оқушылары мен ата-аналар қауымы ескерткіштерді тазалап, айналасына гүл көшеттерін отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастар үшін тарихи тағылым мен патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісіне айналды.
М.Горький атындағы №12 мектептің директоры Гүлжан Омарова акцияның тәрбиелік маңызына тоқталды.
— Біздің мақсатымыз — жас ұрпақтың бойында туған тарихқа, ел батырларына деген құрмет пен жанашырлық сезімін қалыптастыру. Балалар батырлар ерлігін тек оқулықтан оқып қана қоймай, осындай нақты істер арқылы тереңірек сезінеді. Оқушылар бұл бастамаға үлкен ықыласпен қатысты, — деді ол.
Осындай жұмыстар Әлия Молдағұлова ескерткіші аумағында да жүргізілді. 8-сынып оқушысы Злата Самигулина акцияға қатысу өздері үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
— Қаланы таза ұстау — әр азаматтың міндеті. Жеңіс күні қарсаңында мектебіміз есімін иеленген Әлия Молдағұлованың ескерткішін ретке келтіруді өз парызымыз деп санадық, — деді оқушы.
Мереке қарсаңында еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер тыл ардагері Галина Муртазинаның үйіне арнайы барып, тұрмыстық жұмыстарға көмектесті. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталық директоры Нұржан Төлегенов ардагерлерге қолдау көрсету тұрақты жалғасатынын жеткізді.
— Ардагерлердің ел үшін атқарған еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлгі. Осындай кездесулер арқылы біз олардың ерлігі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталатынын көрсеткіміз келеді, — деді ол.
Өз кезегінде 89 жастағы тыл ардагері жастарға алғысын білдіріп, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға шақырды.
Акция аясындағы тағылымды кездесулердің бірі Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназияда өтті. Қаланың Құрметті азаматы, 92 жастағы Өркен Әбдіреев оқушылармен кездесіп, ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтті.
— Қазақстанның келешегі — білімді әрі еңбекқор жастардың қолында. Сондықтан сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосуға ұмтылу қажет. Батыр бабалардың ерлігі мен Абай, Әл-Фараби сынды ұлы тұлғалардың өнегесін бойға сіңіріңдер, — деді ардагер.
Шымкент қаласында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы ынтымақ пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық бастамаға айналып отыр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.