Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне көктемгі шақырылымның алғашқы легі келді
    Жаңалықтар

    Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне көктемгі шақырылымның алғашқы легі келді

    25.05.2026

    Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне көктемгі шақырылым аясындағы алғашқы жас толықтыру келіп жетті. Бұл жолы әскери бөлімге Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған 30-ға жуық және Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен келген 20-дан астам бозбала мерзімдік әскери қызметін өтеуге аттанды.

    Әскери бөлімге келген жас сарбаздарды командирлер қарсы алып, алдағы қызметтің ерекшеліктері мен әскери тәртіп талаптарын түсіндірді. Алғашқы күні-ақ бозбалалар моншаға түсіп, әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Бұдан кейін жас толықтыру сапқа тұрғызылып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.

    Алдағы бір ай бойы сарбаздар Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында орналасқан оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өтеді. Бұл кезеңде олар саптық даярлық, атыс дайындығы, дене шынықтыру және әскери жарғылар бойынша алғашқы әскери машықтарды меңгереді. Сонымен қатар жас сарбаздар әскери ортаға бейімделіп, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді.

    Оқу пунктінің басшысы подполковник Ұлықбек Қараевтың айтуынша, жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу – басты міндеттердің бірі.

    -Жас толықтырумен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Алғашқы күннен бастап сарбаздарға әскери қызметтің тәртібі мен талаптары түсіндіріледі. Оқу барысында олар жауынгерге қажетті негізгі машықтарды меңгеріп, тәртіпке, жауапкершілікке және ұжымда жұмыс істеуге үйренеді. Біз әрбір сарбаздың әскери ортаға тез бейімделуіне ерекше көңіл бөлеміз, — деді подполковник Ұлықбек Қараев.

    Айта кетейік, жас жауынгер курсы аяқталғаннан кейін сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдап, әскери бөлімнің  бөліністерінде қызметтерін жалғастырады. Көктемгі шақырылым аясында 5571 әскери бөліміне алдағы уақытта тағы да жас толықтырулар келуі жоспарланып отыр.

     

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.