Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Экология – болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік
Жаңалықтар

Экология – болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік

05.06.2026

Бүгін табиғатты қорғауға арналған ең маңызды халықаралық күндердің бірі, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болған. Қазақстанда да экология мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді.

Президент бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамаға айналды.

Осы айтулы күнге орай, Шымкентте салтанатты іс-шара өтіп, табиғатты қорғау саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Бүгінгі өткен жиында сөз сөйлегендер экология мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін бірауыздан атап өтті.

– Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи ресурстарды сақтау ісінде экологтардың еңбегі ерекше. Бүгінгі марапат – осы сала мамандарының қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға, – деді Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

Шара барысында көп жылдар бойы табиғатты қорғау саласында еңбек еткен бірқатар мамандар марапатталды. Олардың қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Экология» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Абдуова бар. Айсұлу Алшыбекқызы ғалым ретінде қалалық ортаны санациялауға арналған экоконструктивті модульдердің инновациялық технологиясын әзірлеген жобаның авторы. Ғалымның бастамасымен автобус аялдамаларын көгалдандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын тігінен көгалдандыру, экологиялық таза автотұрақтар құру бағытындағы жобалар жүзеге асырылып келеді.

Сондай-ақ, экология саласында 1988 жылдан бері табанды еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген Валентина Лукьянова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бұл марапат оның табиғатты қорғау саласындағы ұзақ жылғы адал қызметі мен кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.

Экология күніне арналған шара табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте айқындап, қоршаған ортаны сақтау ісіне әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін көрсетті. Экологияны қорғау бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ететін ортақ міндет екені айқын.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.