Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

11.06.2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғалымдарға көрсетілетін қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық ғалымдар мен жас зерттеушілерге халықаралық білім беру, кәсіби даму және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ олардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстыру болды.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Шара барысында қатысушылар халықаралық білім беру бағдарламаларының артықшылықтары, ғылыми тағылымдамалардың мүмкіндіктері және шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтау жолдары жөнінде маңызды мәліметтер алды.

Іс-шараны университеттің Басқарма мүшесі – бірінші проректор Құрманғали Сарықұлов ашып, мұндай кездесулердің ғылым мен білім саласын дамытудағы маңызына тоқталды. Ол қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық тәжірибе алмасу мен ғылыми ынтымақтастықтың рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, жас зерттеушілерді ұсынылып отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Кездесудің негізгі спикері – Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев болды. Ол өз баяндамасында «Болашақ» халықаралық бағдарламасының қалыптасу тарихы мен бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, бағдарлама аясында осы уақытқа дейін 14 мыңнан астам маман даярланғанын айтты. Сонымен қатар бағдарламаның еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға, ғылым мен білім сапасын арттыруға қосып отырған үлесін атап өтті.

Қайсар Қайратұлы қатысушыларға «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдама бағыты бойынша енгізілген соңғы өзгерістерді кеңінен түсіндірді. Атап айтқанда, бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік қамтамасыз ету тетіктерінің жеңілдетілгенін, үміткерлерден жылжымайтын мүлікті кепілге қою талабының алынып тасталғанын жеткізді. Бұл өзгерістер дарынды жастар мен ғалымдардың бағдарламаға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, олардың халықаралық деңгейде білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ кездесу барысында конкурсқа қатысу талаптары, үміткерлердің санаттары, іріктеу кезеңдері, негізгі бағалау критерийлері және құжаттарды рәсімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Спикер шетелдік жоғары оқу орындарын таңдау ерекшеліктері, ғылыми тағылымдамадан өтудің артықшылықтары және түлектердің кәсіби даму мүмкіндіктері туралы да кеңінен ақпарат берді.

Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде магистранттар мен докторанттар тілдік талаптар, стипендия мөлшері, әлемдік университеттердің рейтингі, білім беру бағдарламаларын таңдау және құжат тапсыру рәсімдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық сауалдарға толыққанды жауап беріліп, қатысушылар бағдарламаның мүмкіндіктері туралы нақты ақпарат алды.

Мұндай ақпараттық кездесулер жас ғалымдардың халықаралық ғылыми ортаға интеграциялануына, олардың кәсіби біліктілігін арттыруына және еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар олар ғылыми зерттеулердің сапасын көтеруге, халықаралық әріптестікті дамытуға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.