Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АТТАШЕСІ ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АТТАШЕСІ ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ

10.06.2026

2026 жылғы 9 маусымда Ташенев университетіне Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының білім беру мәселелері жөніндеге консул-атташесі Шүкүр Көсе ресми сапармен келді.
Сапар аясында университет басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, ғылыми-білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Кездесу барысында Ташенев университетінің ректоры Қанат Байболов оқу орнының стратегиялық даму жоспарын таныстырып, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Қонаққа университеттің заманауи инфрақұрылымы мен инновациялық мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, Жасанды интеллект зертханасының жұмысы мен «Tomorrow School» білім беру жобасының қызметі көрсетілді.
Сонымен қатар, Шүкүр Көсе Әлем тілдері институтында болып, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысты. Студенттермен өткен кездесуде академиялық ұтқырлық бағдарламаларының мүмкіндіктері мен халықаралық білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Халықаралық деңгейдегі мұндай жоғары мәртебелі кездесулер отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен бауырлас елдер арасындағы рухани және ғылыми сабақтастықты нығайтудың маңызды тетігі болып табылады. Түркі әлемінің білім беру кеңістігіндегі ықпалдастықты тереңдету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара тараптардың ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға деген жоғары қызығушылығын айқын көрсетті. Заманауи технологиялар мен инновациялық білім беру бағдарламаларын өзара интеграциялау арқылы қос мемлекеттің зияткерлік әлеуетін біріктіру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Бұған қоса, шетелдік дипломатиялық өкілдердің қатысуымен өтетін ақпараттық кездесулер білім алушы жастардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына зор серпін береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында студенттер мен оқытушылар құрамының бауырлас елдің озық жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуі білім сапасын арттырудың басты кепіліне айналмақ. Университет қабырғасында орныққан осы нәтижелі байланыстар алдағы уақытта қос елдің достық қарым-қатынасын бекемдеп, аймақтың ғылыми-инновациялық орталығы ретінде Шымкенттің халықаралық мәртебесін биіктете түсетіні сөзсіз.
Сапар қорытындысында тараптар бұл кездесудің халықаралық әріптестікті нығайтуға, білім және ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ университеттің жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануына тың серпін беретінін атап өтті.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.