Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Жаңалықтар

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    01.07.2026

    Бүгін «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті. Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Бұл формат партияның ұйымдастырушылық қызметіне цифрлық құралдарды енгізу бағытының бір бөлігі.

    Кездесуді ашқан Партия Төрағасы жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағдарларын айқындайтынын атап өтті.

    «Бүгін – Қазақстан үшін сондай айтулы белес. Елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – жай ғана құқықтық оқиға емес, Қазақстанның тарихи дамуындағы жасампаздық пен жаңғыру жолының бастауы», — деді Айбек Дәдебай.

    Кездесуге қатысушылар мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.

    Партияның Саяси кеңесі мен Конституциялық комиссиясының мүшелері Бөріхан Нұрмұхамедов пен Лаура Қарабасова да жаңа Конституция елдің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
    «Әділет» партиясы жаңа Конституцияның партиясы ретінде дүниеге келді. Оның конституциялық референдумнан кейін пайда болуының терең саяси мәні бар», — деді Бөріхан Нұрмұхамедов.

    Лаура Қарабасова Ата Заң білім, ғылым және адами капиталдың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін негізгі фактор ретіндегі маңызын арттыратынын айтты.
    «Бүгінде біз адами капитал мен ғылыми әлеует мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторына айналған тарихи кезеңде тұрмыз. Жаңа Конституция білім мен ғылымның рөлін жаңа деңгейге көтереді», – деді ол.

    Талқылаудың бір бөлігі конституциялық құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселесіне арналды. Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, Саяси кеңес мүшесі Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Ал Саяси кеңес бюросының мүшесі Замира Кузиева жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігі қағидатын нығайтатынын айтты.

    «Жаңа Конституция – бұл әділетті, жауапты, заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауды, заң үстемдігін күшейтуді және мемлекет жұмысының басты өлшемі адам мүддесі болуы тиіс екенін айқын көрсетеді», — деді Замира Кузиева.
    Цифрлық трансформация мәселесіне тоқталған Саяси кеңес мүшесі Нұрбек Матжани жаңа Конституцияның заманауи технологиялық сын-қатерлерді ескеретінін айтып, «Әділет» партиясы өз жұмысына цифрлық құралдарды жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын жеткізді.

    «Әділет партиясы өз алдына цифрлық партия болу міндетін қойып отыр, алғашқы қадамдарымыз да жаман емес. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші болып партияны тіркеу сатысында цифрлық шешімдерді сәтті қолданды», -деді Нұрбек Матжани. Талқылауды Саяси кеңес бюросының мүшесі, журналист Ирина Тен қорытындылады. Оның пікірінше, жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір деген атау жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына, мемлекет пен қоғамның жаңа сапасына, азамат құқығы мен адам қадір-қасиетіне деген жаңаша көзқарастың көрінісі», — деді Ирина Тен.

    Партия Төрағасы «Әділет» партиясының басты басымдығы жаңа Конституция қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап өтті.
    «Әділет» партиясы қоғаммен және азаматтарымызбен бірге осы жауапты миссияны орындауға толық дайын. Жаңа Конституцияның қағидаттары біздің қызметіміздің негізінде жатыр. Біз жинаған тәжірибе мен қолдағы барлық ресурстар осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталады», — деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

    Кездесу қорытындысы бойынша партияның Саяси кеңесі Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдеме қабылдап, әділдік, заң үстемдігі, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық келісім және ел болашағы алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын растады.

    Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.