Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

01.06.2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Түркістан облысында «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» тақырыбында дарынды балалармен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев халықаралық және республикалық білім, ғылым, өнер және спорт додаларында жеңімпаз атанған 40 оқушымен дөңгелек үстел форматында жүздесті.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері өңірдің ғана емес, елдің мақтанышы екенін атап өтті.
– Бүгін сіздермен осылай еркін форматта жүздесіп, ашық әңгімелесуге келгеніме өте қуаныштымын. Қасиетті Түркістан өңірі – ежелден білім мен ғылымның, мәдениеттің ошағы. Ал бүгінгі таңда сол тарихи мекеннің атын халықаралық, республикалық деңгейде танытып жүрген сіздер секілді жастарды көргенде, облысымыздың, еліміздің болашағы сенімді қолда екеніне нық сенемін. Әкімдік тарапынан біз сіздердің сапалы білім алып, спортта да, өнер мен ғылымда да биіктерді бағындыруларыңыз үшін барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Бізге сіздердің де ойларыңыз, бүгінгі заманауи білім беру трендтеріне көзқарастарыңыз өте маңызды. Алға қойған мақсатқа жету үшін ең алдымен білім алу керек. Үнемі ізденіп, үйреніп, оқудан жалықпау қажет. Кез келген жетістік табандылық пен еңбекқорлықты талап етеді. Әр қадамдарыңызды ойланып басып, уақыттарыңызды тиімді жоспарлай біліңіздер. Ата-анасының батасын алған баланың жолы ашық болады. Сол себепті ата-ананың ақ батасын алып, олардың үмітін ақтауға ұмтылыңыздар. Армандарыңыз айқын, мақсаттарыңыз биік болсын! Бүгінгі күнді бағалап, болашаққа нық қадам басыңыздар. Ал сол армандарға жетудің басты кепілі – денсаулық. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Барлықтарыңызға сәттілік, мол табыс және жарқын болашақ тілеймін! – деді Еркебұлан Дауылбаев.
Еркін пікір алмасу алаңында оқушылар өздерінің жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы ой бөлісіп, білім алу, кәсіби бағдар, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және жеке жетістікке жету жолдары төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ «ашық микрофон» алаңында көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Кездесу барысында балалардың ұсыныстары мен бастамалары тыңдалып, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар сөз болды. Жас буынның білім мен ғылымға, шығармашылық пен ізденіске деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай кездесулердің маңызы ерекше екені айтылды.
Мерекелік іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары дарынды оқушыларға ізгі тілектерін жеткізіп, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел дамуына үлес қосатын білікті азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.
Кездесуідің әдемі қорытындысы ретінде Түркістан қаласы Өнер мектебінің оқушысы, қазақтың қасиетті домбырасын өзіне серік қылған, жақында ғана Астана қаласында өткен «Сөз бен саз» республикалық байқауының жеңімпазы Рахым Иманәлі арнау тарту етті.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.