Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ: ОҚУШЫЛАР ҚҰРАСТЫРҒАН «YASSAT-2026» НАНОСПУТНИГІ АСПАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ: ОҚУШЫЛАР ҚҰРАСТЫРҒАН «YASSAT-2026» НАНОСПУТНИГІ АСПАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

05.06.2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласын дамыту жөніндегі бастамалары аясында және Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай Түркістан қаласында тарихи маңызы бар ғылыми-технологиялық жоба жүзеге асырылды.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қаласы Оқушылар сарайының 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «YasSat-2026: Түркістаннан ғарышқа қадам» жобасы бойынша оқушылар өз қолдарымен құрастырған наноспутникті атмосфераның төменгі қабатына сәтті ұшырды.
Бұл жоба өскелең ұрпақтың ғылымға, инновацияға, инженерияға, робототехникаға және ғарыштық технологияларға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік беріп, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға жол ашты.
Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Еркебұлан, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының IT индустриясын дамыту бөлімінің басшысы Айтнұр Мырзагелді, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, инженерлер, ата-аналар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар жас өнертапқыштардың еңбегіне жоғары баға беріп, ғылым мен технология саласындағы мұндай жобалардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде Түркістан қаласы Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы бұл жобаның жай ғана тәжірибе емес, өңір жастарының ғылыми әлеуетін көрсететін маңызды бастама екенін атап өтті.
«Бүгін біз оқушыларымыздың үлкен арманының жүзеге асқан сәтіне куә болып отырмыз. «YasSat-2026» – Түркістан жастарының білімге, ғылымға және технологияға деген құштарлығының нақты нәтижесі. Бұл жоба балалардың болашақта инженер, ғалым және өнертапқыш ретінде қалыптасуына үлкен серпін береді», деді ол.
Жобаға қатысқан оқушылар оқу жылы бойы 3D-модельдеу, микроконтроллерлерді бағдарламалау, сенсорлық жүйелерді құрастыру және тестілеу бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтті. Нәтижесінде олар нақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи наноспутник құрастырып шықты.
Арнайы гелий газымен толтырылған аэростат арқылы ұшырылған «YasSat-2026» наноспутнигі шамамен 10000 метр биіктікке көтеріліп, жердегі қабылдау станциясына нақты уақыт режимінде ғылыми мәліметтерді жолдады. Құрылғы атмосферадағы температура, қысым, ылғалдылық, ауа сапасы көрсеткіштерін тіркеп, фото және бейнетүсірілім жұмыстарын жүзеге асырды. Жоба аясында жиналған ғылыми деректер алдағы уақытта оқушылардың зерттеу жұмыстарына негіз болып, олардың ғылыми жобалар мен халықаралық байқауларға қатысуына мүмкіндік береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.