Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды
    Жаңалықтар

    Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

    04.07.2026

    Шымкентте Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Шымсити» саябағындағы алып амфитеатрда жалғасты. Концерт басталмай тұрып-ақ сахна алдындағы ашық алаңға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Әсіресе, балалардың қарасы қалың болды. Ал кеш түсе басталған мерекелік бағдарлама көрермендерге жай ғана концерт емес, жарық пен музыкалық безендіру үйлескен әсерлі шоуға ұласты. Қазақстанның көк Туын желбіреткен жастардың өнер көрсетушілерге қолдау білдіруі мерекелік кештің ажарын аша түсіп, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетінің басты нышандарының бірі саналатын қасиетті домбыраға арналған мереке. Бұл мереке 2018 жылдан бері жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып келеді. Осы атаулы күн қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық өнерді насихаттауға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған ауқымды концерттік бағдарламаны халыққа ұсынылды.

    Мерекелік кештің шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекелік кеште Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көрермендерге халық күйлері мен ұлттық музыкалық шығармаларды дәстүрлі және заманауи өңдеуде ұсынып, ерекше әсер қалдырды. Домбыраның қоңыр үні кешке жиналған жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Ұлттық домбыра күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын ұлықтайтын ерекше мереке. Осындай концерттік бағдарламалар арқылы қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың төл өнерімен жақынырақ танысып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыра түседі.

    – Бүгін біз ұлттық аспаптар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп жатқан қызымыз Ару Маққамбаеваны қолдап келдік. Осындай айтулы мерекенің бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндағы атмосфера керемет. Оркестрдің орындауындағы шығармалар ұлттық мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай концерттер адамдарды біріктіріп, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға үлкен үлес қосады, – дейді қала тұрғыны Әлима Урупбаева.

    Оның пікірін тағы бір көрермен Назима Сабырбекова да қолдады.

    – Осындай концерттердің ұйымдастырылуы өте маңызды. Олар өскелең ұрпақтың туған елінің тарихы мен дәстүріне деген құрметін қалыптастырады. Әсіресе, жастардың ұлттық музыкамен танысып, оның халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді ол.

    Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Ол – қазақ халқының рухани болмысының, ұлттық дүниетанымының және тарихи жадының ажырамас бөлігі. Ғасырлар бойы халықтың қуанышы мен қайғысын, арман-аңсарын күй арқылы жеткізген қасиетті аспап бүгінгі күні де ұлттың рухын асқақтатып, мәдени мұрамыздың мәңгілік символы болып қала береді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.