Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі: Шымкентте қоғамдық орындарда домбырашылар шеруі өттіп жатыр
    Жаңалықтар

    Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі: Шымкентте қоғамдық орындарда домбырашылар шеруі өттіп жатыр

    05.07.2026

    Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қаласында «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты кең ауқымды мәдени акция ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара аясында қаланың өнерпаздары мен танымал әртістері қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, теміржол вокзалында және ірі сауда орындарында өнер көрсетіп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Акцияның басты мақсаты – қазақ халқының төл өнерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, домбыраның ұлт руханиятындағы ерекше орнын айшықтау және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті арттыру. Қоғамдық орындарда кенеттен орындалған күйлер мен халық әндері көпшіліктің қызығушылығын тудырып, мерекенің сәнін келтірді.

    Шымкент теміржол вокзалы да күмбірлеген күйге бөленді. Мұнда «Қаратау» фольклорлық ансамблі халық алдында арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады. Домбыраның күмбірлеген үні вокзал ішін ерекше рухқа бөлеп, жолға шыққан жолаушылар мен қала тұрғындары өнерпаздарды зор ықыласпен қарсы алды.

    Ақтөбе қаласына жол тартқан тұрғын Әсемтай Таңатарқызы сапар алдында осындай әсерлі концерттің куәсі болғанына қуанышты екенін жеткізді.

    – Ұзақ жолға көтеріңкі көңіл күймен аттанғалы тұрмын. Күтпеген жерден осындай тамаша өнерді тамашалап, ән мен күй тыңдау ерекше әсер сыйлады. Өнерпаздарға алғысым шексіз, – дейді ол.

    Өз кезегінде талантты күйші Ернар Сәтім Ұлттық домбыра күнінің мәні мен мазмұны жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті.

    – Домбыра халқымыздың тарихын, рухын, дүниетанымын жеткізетін қасиетті мұра. Осындай мерекелер арқылы жастар ұлттық өнерге жақындай түседі. Ұлттық домбыра күнінің қоғамдық орындарда аталып өтуі оның тәрбиелік әрі рухани маңызын арттыра түседі, – деді күйші.

    Қала аумағында өткен домбырашылар шеруі тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген құрметтін арттырды.

    Ұлттық өнер мен мемлекеттік құндылықтарды тоғыстырған бұл мәдени жоба домбыраның мәңгілік мұра, ал Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі екенін тағы бір айқындады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.