Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Ұлттық ұлан сарбазы «Калашников» фильміндегі актерге ерекше ұқсастығымен көпшіліктің назарын аударды
Жаңалықтар

Ұлттық ұлан сарбазы «Калашников» фильміндегі актерге ерекше ұқсастығымен көпшіліктің назарын аударды

08.07.2026

Ақтөбелік Никита Масляник ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр. 5513 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері алғашқы күннен-ақ сырт келбетімен қаруластарының назарын аударды. Олар сарбаздың түрі «Калашников» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Юрий Борисовқа айрықша ұқсайтынын жиі айтады.

🗣️Сарбаздың айтуынша, дәл осы салыстырулардан кейін ол «Калашников» көркем фильмін тамашалаған. Картина аты аңызға айналған атыс қаруын құрастырушы Михаил Калашниковтың өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы туралы баяндайды. Фильм Никитаға ерекше әсер қалдырған.

Әсіресе әйгілі конструктордың өміріндегі маңызды кезеңдердің Қазақстанмен тығыз байланысты болғанын білу жас жауынгер үшін күтпеген жаңалық болды.

⏺️Қазіргі таңда Никита Масляник Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде әскери міндетін абыроймен атқарып, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби дағдыларын шыңдап келеді. Оның айтуынша, әскер өмірі тәртіпке баулып, жауапкершілікті арттырып, ер мінезді шыңдауға үлкен ықпал етеді.

Белгілі актермен ұқсастығына қарамастан, жас сарбаз үшін ең бастысы – әскери антқа адал болып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.