Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды
    Жаңалықтар

    «Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

    08.07.2026

    «Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.

    Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды.

    Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін атап өтті.

    «Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция көлемімен немесе жүзеге асқан жобалар санымен ғана емес, әрбір қала, аудан мен ауылдағы тұрғындардың өмір сүру сапасының нақты жақсаруымен бағалау маңызды», — деді ол.

    Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев өңірлердің дамуындағы теңсіздікті қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық нысандармен және қызметтермен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткен. Дегенмен қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де байқалады. Бұл инфрақұрылымды одан әрі дамытып, базалық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді.

    Пікірталас барысында қатысушылар өңірлердің тең дәрежеде дамуына ықпал ететін қосымша тетіктерді талқылады. Ulagat Consulting Group директоры Марат Қайырленов өңірлерге инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ал Қарағанды облысы басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрайымы Ирина Юртанова тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

    Басқосу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, сондай-ақ экология мен энергетика саласындағы өзекті мәселелерге де ерекше назар аударылды.

    Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мемлекеттік өңірлік саясаттың басты өлшемі оның нақты нәтижесі болуы тиіс екенін атап өтті. Сессияға қатысушылар түскен ұсыныстарды жинақтап, оларды өңірлік саясатты жетілдіру мәселелерін талқылау барысында қарастыру туралы келісімге келді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.