Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді
Жаңалықтар

Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

08.07.2026

Орталық Азия инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген негізгі өзгерістерді талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Жиынды ашқан университет ректоры Ақмалдин Әжидинов 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген заңнамалық реформаларға жан-жақты талдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

-Жаңа Конституция мемлекеттік басқару архитектурасын түбегейлі өзгертеді. Бұл – Негізгі заңның жай ғана жаңаруы емес, адам құқықтары мен азаматтардың саяси процестерге нақты қатысуы басты басымдыққа айналатын мүлдем жаңа модельге көшу, — — деп атап өтті Ақмалдин Әжидинов.

Жаңа Конституцияға қатысты сарапшылық пайымын заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Ботабек Имашев білдірді. Ол Конституцияның жаңа редакциясы 1995 жылғы құжаттың күшін жоятынын түсіндірді. Басты өзгерістердің бірі заң шығарушы билікті реформалау болмақ.

-Қос палаталы парламенттің орнына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылды. Құрылтайдың өкілеттігі өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейтілді, бұл мемлекет ісіне араласуда халықтың рөлі айтарлықтай артқанын білдіреді, — деді ғалым.

Реформаның тағы бір елеулі элементі – вице-президент институтының енгізілуі. Сарапшының пікірінше, бұл басқару жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияда «Халық кеңесіне» ерекше мән берілген.

-Бұл – тұрақты жұмыс істейтін орган емес. Ол сессияларға жиналады және оның құрамына этнос өкілдері, мәслихат депутаттары мен азаматтық сектор мүшелері кіреді. Олар халықты мазалаған өзекті мәселелерді талқылап, қажет болған жағдайда заңдарға түзетулер енгізу туралы Құрылтайға ұсыныстар жолдайды, — деді Ботабек Имашев.

Сондай-ақ, Ботабек Имашев жеке тұлғаның құқығын қорғауға қатысты нормаларды да ерекше атап өтті.
-Сотта адвокаттар мен прокурорлардың өкілеттіктері теңестірілді, бұл тараптардың бәсекелестігі үшін өте маңызды. Сонымен қатар, Конституцияда ұсталған адамға оның құқықтарын міндетті түрде түсіндіру нормасы бекітілді: кез келген адам қамауға алынған кезде оған заңды құқықтары, соның ішінде үнсіздік сақтау құқығы дереу хабарлануы тиіс, — деп түсіндірді заңгер.

Сөзінің соңында сарапшы білім беру саласындағы зайырлылық принципінің бекітілуіне тоқталды.
-Зайырлылық – бұл діни сенім бостандығы. Мұндағы мақсат – діннің білім беру жүйесінен бөлінуі. Білім беру саласы бөлек, дін бөлек өмір сүреді, бұл қандай да бір дінге басымдық беруді білдірмейді, — деп атап өтті.

Құқықтық реформалардың академиялық орта үшін маңыздылығы туралы Орталық Азия инновациялық университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Жайлауова да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, университет студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді араласқан.
-Біз сапалы өзгерістерді, әсіресе адвокатураның рөлін күшейту бөлігін құптаймыз. Бұған дейін адвокаттың мәртебесі жеткілікті дәрежеде жоғары болмаған еді, ал қазір олардың өкілеттіктері прокурормен теңестірілді, бұл біздің мамандық үшін өте маңызды. Бұл студенттерімізге дұрыс бағыт-бағдар береді, — деді А.Жайлауова.

Сондай-ақ, спикер жаңа Конституция білім беру ортасын дамытуға жаңа серпін беріп, цифрландыру процесін ынталандыратынын айтып өтті.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.