Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЙ ЭКСПОРТЫ ҚАРҚЫН АЛУДА: САРЫ МАЙ ЭКСПОРТЫ 40%, КҮНБАҒЫС МАЙЫ ШАМАМЕН 50% ӨСТІ
    Жаңалықтар

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЙ ЭКСПОРТЫ ҚАРҚЫН АЛУДА: САРЫ МАЙ ЭКСПОРТЫ 40%, КҮНБАҒЫС МАЙЫ ШАМАМЕН 50% ӨСТІ

    13.07.2026

    2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалды. Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті: өнімнің екі санаты бойынша экспорт көлемі ұлғайып, бұл отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды.

    Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық.

    Сары май экспорты 40,4% өсті. 2026 жылғы қаңтар–сәуір аралығында шетелге 394,1 тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 280,7 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Негізгі экспорттық нарықтар – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.
    Сары май импорты 2 242,2 тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды. Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран.
    Төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май өткізілді.

    Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп.

    Күнбағыс майының экспорты 49,6% артты. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында экспорттық жеткізілімдердің көлемі 353,8 мың тоннаны құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде 236,4 мың тонна өнім экспортталған. Негізгі экспорт бағыттары: Өзбекстанға – 153,2 мың тонна, Қытайға – 127,2 мың тонна, Ауғанстанға – 38,6 мың тонна, Тәжікстанға – 27 мың тонна, Иранға – 4,9 мың тонна және басқа да елдер.

    Күнбағыс майының импорты 47,9 мың тоннаны құрады. Бұл ретте ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі төмен деңгейде қалып, 12,5% құрады. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ішкі нарығында 29,7 мың тонна күнбағыс майы өткізілді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ, АЛ ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    20.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

    20.11.2026

    Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

    20.11.2026

    Шымкент оқушылары MacBook ұтып ала алады: BilimClass оқушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

    20.11.2026

    Мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер үшін ақпараттың анықтығы мен қаржылық қауіпсіздік мәселесі айрықша маңызға ие. Осыған байланысты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ азаматтар мен кәсіпкерлерді Қордың атын жамылып, қаржылық қолдау алуға көмектесуді сылтау ететін алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

    19.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.