Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ӘУЕЗОВ ЖАСТАРЫ ШЫМКЕНТ-ТОРҒАЙ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНАН ОРАЛДЫ
Жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ЖАСТАРЫ ШЫМКЕНТ-ТОРҒАЙ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНАН ОРАЛДЫ

24.06.2026

Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған танымдық экспедициядан оралған Әуезов университетінің белсенді жастары оқу орнының басшылығымен кездесті.
8 күнге созылған экспедиция барысында жастар Шымкент – Түркістан – Қызылорда – Жезқазған – Ұлытау – Арқалық – Қостанай – Қарабұтақ – Арал – Байқоңыр бағыттары бойынша сапар шегіп, еліміздің тарихи-мәдени орындарымен танысты. Сапардың басты мақсаты – жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, өңірлер арасындағы байланысты нығайту және Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау болды.
Экспедиция аясында қатысушылар еліміздің әр өңіріндегі тарихи ескерткіштерді, мәдени нысандарды аралап, олардың тарихымен және тағылымды мұрасымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар, жастар жергілікті тұрғындармен, білім беру ұйымдарының өкілдерімен және белсенді жастармен кездесіп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, елдің әр өңірінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге жол ашты.
Кездесу барысында Жастар орталығының директоры Ерасыл Анарханұлы экспедицияның нәтижелерімен бөлісіп, жастарға осындай мүмкіндік жасаған университет басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, сапар барысында студенттер көптеген тарихи орындарды аралап қана қоймай, туған елдің өткені мен бүгініне қатысты тың мәліметтер алып, өзара ұйымшылдық пен жауапкершілікті нығайтқан. Сондай-ақ мұндай жобалар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, патриоттық рухын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы – ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев жастарды сәтті сапармен құттықтап, мұндай экспедициялардың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанның әр өңірі – тұнған тарих пен тағылым. Сондықтан жастар тек өз аймағымен шектелмей, еліміздің басқа өңірлерін де танып-білуі керек. Тарихи ескерткіштерді көріп, жаңа орта қалыптастырып, тәжірибе алмасу – мұндай экспедициялардың басты құндылығы. Алдағы уақытта бұл бастаманы дәстүрге айналдырамыз», – деді ол.
Кездесу соңында жастар сапар барысында жинаған естеліктері мен арнайы тартуларын университет басшылығына табыстап, әсерлерімен бөлісті. Экспедицияға қатысушылар бұл сапардың өздері үшін үлкен тәжірибе мен тағылым мектебі болғанын айтып, тарихи орындарды көзбен көрудің елге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге ықпал еткенін жеткізді. Сонымен қатар, олар алдағы уақытта осындай танымдық жобалардың жалғасын тауып, университет жастарының қатысуымен тұрақты түрде ұйымдастырылатынына сенім білдірді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИЛИ МОЛОДЫХ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ НА СРОЧНУЮ СЛУЖБУ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

09.09.2026

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 91 СТУДЕНТІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

09.09.2026

Ориентиры развития страны: высоко оценен сборник избранных размышлений Президента

08.09.2026

​Ел дамуының бағдары: Президенттің таңдаулы сөздерінің жинағы жоғары бағаланды

08.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.