Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»МАҢҒЫСТАУДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТУДЕ
Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТУДЕ

02.07.2026

Бүгін университетімізге Жаңаөзен қаласынан келген алғашқы талапкерлердің бірі Нұртас Раушенов анасы Айсұлумен бірге «Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін даярлау» факультетіне оқуға құжаттарын тапсырды. Талапкерді факультет деканы Ахан Демеуов қарсы алып, білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы, спорттық инфрақұрылымы, оқу үдерісі, академиялық мүмкіндіктер мен студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бұл – жуырда Маңғыстау облысында өткен кәсіби бағдар беру жұмыстарының жемісі. Университет өкілдері өңір мектептерінде болып, бітіруші түлектермен, ата-аналармен және педагогтермен кездесулер өткізіп, университеттің білім беру мүмкіндіктері, мемлекеттік гранттар, жатақхана, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары және түлектерді жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берген болатын.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда оқу орнында Маңғыстау өңірінен келген 16 студент білім алуда. Олар білім және ғылым, шығармашылық, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, университетіміздің мақтанышына айналып келеді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға сапалы білім мен жан-жақты даму мүмкіндігін ұсынушы іргелі оқу орны. Мұнда әрбір талапкердің арманына қанат бітіп, білікті педагог, кәсіби маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Университеттің қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу шарттары, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері жөнінде тұрақты түрде кеңес беруді жалғастыруда. Бұл жұмыстар талапкерлердің болашақ мамандығын саналы таңдауына және өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес бағытты айқындауына ықпал етеді.
Университет үшін әрбір талапкердің таңдауы маңызды. Сондықтан оқу орны өңірлермен байланысты нығайтып, мектептермен әріптестікті дамытуға, жастардың сапалы жоғары білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береді. Маңғыстау облысынан келген талапкерлердің қатары алдағы күндері де артып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесі жаңа жетістіктермен толыға түседі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде өңіраралық білім беру байланысын күшейтіп, елдің әр аймағынан келген дарынды жастардың бір шаңырақ астында білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.