Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»АЗАМАТТАРДЫҢ 70,3%-Ы ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ НИЕТТІ
    Жаңалықтар

    АЗАМАТТАРДЫҢ 70,3%-Ы ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ НИЕТТІ

    23.07.2026

    Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.

    Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме бойынша жүргізілді. Қоңырау соғу ұялы және стационарлық телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылды. Сауалнама ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасына сәйкес жүргізілді.

    Алынған мәліметтер азаматтардың алдағы электоралдық процеске деген ағымдағы қызығушылығын бағалауға мүмкіндік береді.
    «Сіз 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 70,3%-ы сайлау учаскелеріне келуге ниетті екендіктерін айтты. Ал 23,3%-ы дауыс беруге қатысуды жоспарламайды, тағы 6,4% әзірге нақты жауап бере алмайтындарын айтқан.

    Осы ретте қала мен ауыл арасындағы электоралды белсенділікте айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Сайлауға келуге дайындық бойынша қала мен ауыл тұрғындары арасындағы алшақтық шамамен екі пайызға тең.

    Ең белсенді топ – 46-60 жас аралығындағы сайлаушылар: олардың дауыс беруге қатысуға дайындығы 18-28 жас аралығындағы жастарға қарағанда шамамен 10%-ға жоғары. Ерлермен салыстырғанда әйелдер арасында дауыс беруге қатысатындардың саны 5 пайызға көп екені анықталды. Ал аса ынталы электоралдық белсенділік тіркелген топ жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар респонденттер болды.
    Сонымен қатар, зерттеуге қатысқандар 23 тамызда өтетін сайлауда қай партияға дауыс бергісі келетінін көрсетті.

    Респонденттерге «Құрылтай сайлауында қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ қойылды.
    Электоралды рейтингте бірінші орында «Әділет» партиясы тұр: бұл партия үшін респонденттердің 64,8%-ы дауыс беруге дайын. Сауалнама бойынша, партия барлық әлеуметтік топтарда бәсекелестерінен озық, партия жақтастарының арасында жастардың басымдығы айрықша байқалады.
    5,4% көрсеткішпен «Ауыл» партиясы – екінші орында. Бұл партия үшін дауыс беретіндердің қатары ауылдық жерлерде қаламен салыстырғанда бір жарым есе көп екені анықталды. Партияның өз жұмысында дәл осы электоратқа ден қоятынын ескергенде, бұл айырмашылық қисынды.
    Respublica және «Ақ жол» партияларының электорат қолдауына қатысты көрсеткіштері шамалас, тиісінше,4,8% және 4,7%. Алайда олардың әлеуетті жақтастарының құрылымында белгілі бір айырмашылықтар байқалады: Respublica-ны таңдағандардың арасында бірінші кезекте қалалық жерде тұратын ер-азаматтар саны басым болса, «Ақ жол» партиясы үшін дауыс беруге ниетті респонденттердің дені – ауылдық жерлерде тұратын ересек жас топтарының өкілдері, оның ішінде ерлер мен әйелдер саны шамалас.

    Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 3,3% және Қазақстанның Халық партиясы (ҚХП) – 3,1% көрсеткіштерімен қатар келеді. Атап өтерлігі, ЖСДП – жақтастарының арасында кәсіптік-техникалық білімі бар респонденттер саны басым бірден-бір партия. ҚХП үшін дауыс берем деушілердің дені – ең жас және ең егде респонденттер.

    «Байтақ» жасылдар партиясы үшін сауалнамаға қатысқандардың 0,8%-ы дауыс беруге дайын екенін айтқан. Партия жақтастарының басым бөлігі егде жастағы ауыл тұрғындары екені анықталды.

    Телефон арқылы сауалнама барысында сайлауда дауыс беру кезінде «Барлығына қарсы» нұсқасын респонденттердің 2,2%-ы таңдауға ниетті екендерін айтқан.

    Респонденттердің 10,9%-ы әлі нақты таңдау жасамаған немесе жауап беруге дайын емес.

    Жалпы зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталған тұста азаматтардың электоралдық таңдаулары қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Партиялардың ақпараттық және жұмылдыру жұмыстары азаматтардың сайлауға қатысты ұстанымдары мен саяси таңдауларына ықпал ететін маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

    Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді ОСК-ның 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-11-07/1290 жазбаша хабарламасына сәйкес жариялайды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026

    ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

    26.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

    26.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026

    ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

    26.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

    26.11.2026

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

    26.11.2026

    «Халықтық құрылыс» – ел экономикасын дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба

    26.11.2026

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026

    Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

    25.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.