Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»БІРЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ
    Жаңалықтар

    БІРЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

    24.07.2026

    Құрметті аудан тұрғындары!
    Алда өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл — мемлекетіміздің тұрақты дамуына, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды қолдауға бағытталған жауапты кезең.
    Әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласуы — мемлекетіміздің өркендеуінің негізі. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу — азаматтық міндет қана емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағына деген жауапкершіліктің нақты көрінісі.
    Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың басты мақсаты — әділетті қоғам қалыптастырып, халықтың үніне құлақ асатын тиімді мемлекеттік басқару жүйесін нығайту. Осы мақсаттарға қол жеткізуде қоғамның әрбір мүшесінің белсенділігі мен қолдауы аса маңызды. Құрылтай сайлауы — ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, халықтың ұсыныстары мен бастамаларын ортақ мүддеге тоғыстыратын маңызды алаң.
    Аналар — отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа тәрбие беруде, елдің бірлігі мен татулығын нығайтуда аналардың орны ерекше. Сондықтан барша аналарды, ақ жаулықты әжелерді, қыз-келіншектерді және аудан тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Елдің ертеңіне қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әр азаматтың дауысы — мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес.
    Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі, берекелі қоғамның қалыптасуы — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Бірлігімізді бекемдеп, ел игілігі жолындағы маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, туған Отанымыздың жарқын келешегі үшін азаматтық ұстанымымызды бірге танытайық.
    Нышанкүл Жұманова,
    Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.