Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді: Қазақстандықтар нені білу керек
    Жаңалықтар

    23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді: Қазақстандықтар нені білу керек

    25.07.2026

    Жақында Қазақстан тұрғындары Құрылтай құрамына кіретін депутаттарды сайлау үшін дауыс бере алады.

    1 шілдеден бастап күшіне енген Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігін жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы. Ол екі палаталы Парламенттің орнына келеді.
    Тарихтағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді.

    Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында кәмелетке толған азаматтар өздері таңдаған партияға дауыс бере алады. Дауыс беру партиялық тізімдер бойынша өтеді. Құрылтай құрамына 145 депутат сайланады, олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Биыл саяси партиялардың сайлауға қатысу шарттарына өзгерістер енгізілді. 2023 жылғы парламенттік сайлауда бес және одан көп пайыз дауыс жинаған партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады. Үш пен бес пайыз аралығында дауыс алған партиялар белгіленген жарнаның 50 пайызын, ал бір мен үш пайыз аралығында дауыс жинағандар 70 пайызын төлейді.
    Партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғаннан кейін, яғни 23 шілде күні сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады. Ол 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады. Саяси партияны қолдауға немесе оған қарсы дауыс беруге шақыру тек осы кезеңде ғана заңды болып саналады. Белгіленген мерзім басталғанға дейін, сондай-ақ тыныштық күні мен дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге заңмен тыйым салынған.

    2 тамызға дейін жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін учаскелік сайлау комиссияларына тапсыруы тиіс. Ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздерінің тізімдегі деректерін тексере алады. Осы күні сырттай дауыс беруге арналған куәліктерді беру де басталады. Олар 22 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін беріледі.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026

    Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

    25.11.2026

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.