Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Түркістан облысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігі зерделенді
Жаңалықтар

Түркістан облысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігі зерделенді

13.08.2026
Маңызды саяси науқан — 2026 жылдың 23 тамызында өтетін ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары елімізде қарқынды жүруде. Осы орайда Түркістан облысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жанынан арнайы жұмысшы (мониторингтік) топ құрылып, өңірдегі сайлау учаскелерінің ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімділігі жан-жақты зерделенуде.
Жұмысшы топтың негізгі міндеті — барлық сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтарға қаншалықты қолайлы екенін көзбен көріп, бағалау. Тексеру барысында сайлау учаскелеріне кіріп-шығу жолдары мен пандустардың халықаралық және отандық талаптарға сәйкестігі, есіктердің кеңдігі мен арнайы орындардың жабдықталуы, сондай-ақ санитарлық жағдайлар, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтардың қажетті ақпаратты кедергісіз қабылдауына арналған арнайы құрылғылардың (тактильді жолақтар, құлаққаптар және т.б.) болуы назарға алынуда.
Мамандардың пікірінше, қолжетімді сайлау ортасы тек пандус пен техникалық құралдармен шектелмейді. Ең бастысы — сайлау учаскесінде әрбір азаматқа құрмет көрсету, қажет жағдайда қолдау білдіру және сайлаушының өз таңдауын дербес әрі еркін жасауына толық жағдай туғызу.
Осы мақсатта жұмысшы топ мүшелері комиссия қызметкерлерінің ерекше қажеттілігі бар сайлаушылармен жұмыс істеу әдебі мен алгоритмін де жіті сұрап білді. Атап айтқанда:
1. Сайлаушымен жылы шыраймен амандасу;
2. Құжатын тексеріп, сайлаушылар тізімінен табу;
3. Дауыс беруге арналған арнайы кабинаға өтуді әдеппен ұсыну және қажетті көмек көрсету әрекеттері пысықталды.
Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, оларды дер кезінде жою жұмыстары жүргізілуде.
Атап өтейік, ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасау – басты назарда. Облыс бойынша мұндай азаматтардың саны – 14 873 азаматты құрайды. Оның ішінде:
— Кресло-арбаны пайдаланатындар – 3 365;
— Көруі бойынша мүгедектігі барлар – 7 643;
— Естуі бойынша мүгедектігі барлар – 3 865.
Сайлау күні азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін 65 инватакси, 49 әлеуметтік такси, 56 қосымша автокөлік, 209 сурдоаудармашы және 770 жеке көмекші жұмылдыру жоспарланған.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.