Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»ӨҚПУ: Ғылым мен білім ықпалдастығы және жас зерттеушілерге қолдау
    Қоғам

    ӨҚПУ: Ғылым мен білім ықпалдастығы және жас зерттеушілерге қолдау

    18.08.2026

    Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев белгілі қазақстандық ғалымдар – Әбдірахман Омбаев пен Қамардин Мақашевты арнайы қабылдады. Салмақты сұхбат пен іскерлік жағдайда өткен бұл кездесуде ғылым мен білімді ықпалдастыру, өңірдің табиғи-биологиялық ресурстарын тереңдетіп зерттеу, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру және университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарын кешенді дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

    Мал шаруашылығы саласы бойынша көрнекті зерттеуші және қоғам қайраткері Әбдірахман Омбаевтың бай тәжірибесін университеттің жаратылыстану факультетінің ғылыми-білім беру әлеуетімен ұштастырудың маңызы зор. Кездесу барысында екі тарап бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, жергілікті биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану және сақтау бағыттарында пәнаралық жобалар әзірлеуге зор мүмкіндік бар екендігі атап өтілді. Тараптар бұл бағыттағы зерттеулердің өңір экономикасы мен экологиясы үшін қолданбалы мәні жоғары екеніне тоқталды.

    Жиында жас ғалымдар, докторанттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді араласуына басымдық берудің маңыздылығы айрықша атап өтілді. Осы мақсатта тәжірибелі ғалымдардың қатысуымен тұрақты ғылыми семинарлар, шеберлік сабақтары, ғылыми тағылымдамалар мен өларалық экспедициялық зерттеулер ұйымдастыру, сондай-ақ студенттердің дипломдық және магистрлік жұмыстарын нақты ғылыми жобалармен тікелей байланыстыру ұсынылды.

    Кездесу аясында тараптар өңірдегі эколог-ғалымдар мен жаратылыстану бағытындағы мамандардың басын қосатын арнайы ғылыми-тәжірибелік алаң құру бастамасын да талқылады. Бұл бастама Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырақ құнарлылығын арттыру, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және биоалуан түрлілікті сақтау сияқты өзекті де күрделі мәселелерге нақты ғылыми шешімдер ұсынуға бағытталмақ.

    Сонымен қатар, жас зерттеушілерге жүйелі қолдау көрсету мақсатында академик Әбдірахман Омбаевтың жетекшілігімен арнайы менторлық бағдарламаны іске қосу ұсынылды. Бұл жүйе жас ғалымдарға отандық және халықаралық гранттық қаржыландыру конкурстарына сапалы өтінімдер дайындауға, рецензияланатын беделді журналдарда мақалалар жариялауға мүмкіндік береді.

    Жиын соңында Ректор Қайрат Балабиев білім ошағының ғылыми инфрақұрылымын нығайтуға және бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Тараптар жақын арада ынтымақтастық меморандумына қол қойып, іс-шаралардың жол картасын бекітуге келісті. Мұндай қадамдар ӨҚПУ-дың өңірлік ғылыми-білім беру хабы ретіндегі әлеуетін арттырады.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.