Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Шымкент – Шыршық: Жоғары білім мен ғылым саласындағы жаңа серпін
    Қоғам

    Шымкент – Шыршық: Жоғары білім мен ғылым саласындағы жаңа серпін

    18.08.2026

    Бүгінгі таңда жоғары білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық кооперация — сапалы кадр даярлаудың басты кепілі. Осы орайда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті өзінің халықаралық байланыстарын нығайтып, өңірлік білім беру кеңістігін кеңейтуді белсенді түрде жалғастыруда.

    Жақында өңірлік жоғары білімді дамытуға септігін тигізетін маңызды оқиға орын алды. М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалы көршілес мемлекеттің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бірлескен меморандумдар мен келісімдер түзу жұмыстарын сәтті жүргізді.

    2026 жылғы 18 тамыз күні Қоқан мемлекеттік университетінің оқу істері жөніндегі проректоры Базаров Айбек Адилович пен М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың Шыршық қаласындағы филиалының директоры Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлы кездесті. Келіссөздер нәтижесінде тараптар өзара жоғары білікті мамандарды даярлау туралы меморандумға және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

    Бұл құжаттың басты мақсаты — Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының білім саласындағы заңнамалары шеңберінде сапалы кадр даярлауды жолға қою. Қол қойылған келісімдер аясында екі елдің оқу орындары оқу процесіне озық жасанды интеллект технологиялары мен ғылымның соңғы жетістіктерін енгізуді көздеп отыр. Сонымен бірге оқу бағдарламаларын жаңарту және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін заманауи талаптарға сай байыту жоспарланған.

    Келісімнің өзекті бағыттарының бірі — екі университет арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту. Бұл студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, оқытудың жаңа әдістемелерімен танысуға және екі елдің білім саласындағы артықшылықтарын бірлесе игеруге кең жол ашады.

    Айта кету керек, Қоқан мемлекеттік университеті — Өзбекстан Республикасындағы 100 жылға жуық тарихы бар, 18 мыңнан астам білім алушысы бар алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының бірі. Бұндай іргелі ЖОО-мен серіктестік орнату М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің халықаралық аренадағы беделін арттыра түседі.

    Шыршық қаласындағы университет филиалы болашақта Қоқан мемлекеттік университетінің ректоры Ходжаева Дильноза Шавкатовна және М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма төрағасы – ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының қолдауымен екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан ары күшейтетін болады.

    Бұл серіктестік тек екі оқу орнының шеңберінде ғана емес, жалпы өңірлік жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Бірлескен ресурстар, инновациялық технологиялар мен озық тәжірибе халықаралық білім беру кеңістігіндегі интеграцияны жеделдетіп, студенттер мен жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.