Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті
Жаңалықтар

Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті

04.09.2026

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №210 мектеп-лицейде оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында Ерлік сабағы өтті.

Сабақтың басты кейіпкері – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 7552 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға сержант Өркен Мәжіт. Ол әскери қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, батылдығы мен қайсарлығын, әскери борышына адалдығын талай мәрте дәлелдеген.

Іс-шара барысында оқушыларға Отан қорғау әр азамат үшін қасиетті парыз екені айтылып, ерлік пен батырлықтың мәні түсіндірілді. Сондай-ақ ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметшілердің күнделікті қызметі мен жауапты міндеттері туралы әңгіме өрбіді.

Ерлік сабағын 7552 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл маманы, кіші сержант Гүлжан Қарабалина жүргізді.

Сабақ барысында оқушылар ерлік, Отан алдындағы борыш, жауапкершілік, батылдық, қайсарлық және тәртіп секілді қасиеттер жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар аға сержант Өркен Мәжіттің әскери қызмет жолы мен азаматтық батылдығы туралы бейнеролик көрсетілді.

Кездесу соңында «Ерлік – ұмытылмайды. Ерлік – ұрпаққа өнеге» деген тағылымды ой айтылып, Отанды сүю, туған жерді құрметтеу және ел болашағына өз үлесін қосу әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.

Мектеп-лицей директорының орынбасары Салтанат Ашимбаева іс-шараны ұйымдастырған ұландықтарға ризашылығын білдіріп, директордың атынан Алғыс хат табыс етті.

— Ерлік – тек қару ұстап, майданда шайқасу емес. Ерлік – Отанға деген адалдықтан, өз міндетіңді жауапкершілікпен орындаудан, қиындыққа мойымай, ел қауіпсіздігін қорғауға дайын болудан көрінеді. Бүгінгі бейбіт өмір – елін қорғаған батырларымыздың және қазіргі таңда Отан тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің еңбегінің нәтижесі. Сондықтан олардың ерлігі – жас ұрпаққа өнеге, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, – дейді директордың орынбасары Салтанат Ашимбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында аға сержант Өркен Мәжіт бейбіт тұрғынға жасалған қастандықты дер кезінде тоқтатып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шұғыл қызметтерді шақырған. Оның батыл әрекетінің арқасында қылмысқа қатысы бар адамдар дереу ұсталып, кейін сот үкімімен жауапқа тартылды.

Оқиға кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін аға сержант Өркен Мәжіт мемлекеттік награда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ерлік жолы – жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін өмірлік өнеге. Батырлардың ерлігі – ел жадында, ал олардың өнегесі – келер ұрпаққа аманат.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.