Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»МЕШІТКЕ КЕЛУШІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ
Жаңалықтар

МЕШІТКЕ КЕЛУШІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

18.09.2026

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкенттегі «Kenesary Han» мешітінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мешіт жамағаты белсенді қатысып, ғимарат айналасын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді.

Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша, мешітте тазалық жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі. Оған мешітке келушілер де белсенді түрде атсалысады. Оның сөзінше, тазалық ұғымы тек көшелер мен аулалардың таза болуымен шектелмейді.
– Бұл тек көше мен ауланың тазалығы емес. Негізгі мақсатымыз – тілдің таза болуы, жүректің таза болуы, бір-бірімізге мейірім-шапағат таныту. Әркім өз ауласын, жүрген жолын таза ұстаса екен дейміз. Көлік жүргізушілерінен де темекінің тұқылын жолға тастамауды сұраймыз, – дейді Абай ауданының бас имамы.
Акция барысында қала тұрғыны Нұрмахан Тұрмаханов та тазалық жұмыстарына қатысты. Ол қаланың шеткі аумақтарын, соның ішінде мешіт маңын абаттандыруға көбірек көңіл бөлінсе деген тілегін білдірді.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.
Мешіт жамағатының тазалық жұмыстарына тұрақты түрде қатысуы – қоршаған ортаға жанашырлық танытып, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті қала қалдыруға қосылған үлес.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

19.09.2026

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026

Тәуелсіздік – бабалар арманы, ұрпақ аманаты

18.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

19.09.2026

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026

Тәуелсіздік – бабалар арманы, ұрпақ аманаты

18.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРИХОЖАНЕ МЕЧЕТИ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ

18.09.2026

МЕШІТКЕ КЕЛУШІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

18.09.2026

Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл

18.09.2026

САУРАН АУДАНЫ «БАҚТЫ» ФОРУМЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

18.09.2026

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді.

15.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ПОВЫШЕНИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НПО В СФЕРЕ РАЗВИТИЯ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА

15.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.