Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Бір мектептің сегіз түлегі Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді.
    Жаңалықтар

    Бір мектептің сегіз түлегі Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді.

    30.09.2026

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы Сабыр Рахымов атындағы орта мектептің сегіз түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

    Бір кездері олар мектеп қабырғасында бір партада отырып, білім алды. Мектеп бітірген соң әрқайсысы өз жолын таңдады. Бірі «Байланысты бақылау» мамандығы бойынша колледж тәмамдаса, енді бірі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді. Араларында заңгер мен география пәнінің мұғалімі де бар.

    Арада жылдар өткен соң бұрынғы сыныптастарды ортақ мақсат қайта біріктірді. Олар азаматтық борышын өтеу үшін әскери қызметті бірге атқаруға шешім қабылдады. Осылайша мектеп қабырғасында басталған достықтары Ұлттық ұлан қатарында жалғасын тапты.

    Қазір олардың әрқайсысының өз міндеті мен жауапкершілігі бар. Дегенмен мектептен басталған достық пен бірге өткізген жылдар
    өзара түсіністік пен қолдауды сақтауға септігін тигізеді.

    – Біз бірге оқып, бірге өстік. Сондықтан мектептен бері бір-бірімізді жақсы танимыз. Бірақ әскери ортада әрқайсымыздың жаңа қырымызды таныдық. Қиын сәтте кімнің сабыр сақтайтынын, кімнің жауапкершілікпен қарайтынын, кімнің жолдасына демеу бола алатынын осы жерде көрдік. Қазір әркім өз міндетін атқарады. Соған қарамастан, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қажет болса ақыл-кеңесімізді айтып отырамыз, – дейді қатардағы жауынгер Бағлан Рахымберді.

    Олардың ортақ өмір жолы бүгінде Түркістан көшелерінде жалғасып келеді. Ұландықтар патрульдік жасақ құрамында күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады. Олар түркі әлемінің рухани астанасының қоғамдық тәртібін бірге бақылайды және қажет болған жағдайда азаматтарға көмек көрсетеді.

    Қызметтен тыс уақытта да туған ауылдарымен байланысын үзбейді. Мектептегі жылдарын еске алып, Көкібелдегі жаңалықтардан хабардар болып отырады. Олар үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінде бірге қызмет ету мектеп партасынан басталған көпжылдық достықтың жалғасына айналды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.