Тәуелсіз Қазақстанның келбетін айқындайтын нышандардың қатарында Ақорда мен Ата Заңның орны ерекше.
Ақорда – елдің саяси өмірімен сабақтасқан, мемлекеттік маңызы бар бастамалар мен шешімдер тоғысатын орталық. Оның бейнесінен тәуелсіз мемлекеттің тұтастығы мен егемендігі көрініс табады.
Ал Конституция – сол егемендіктің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжат. Ол мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершіліктің негіздерін белгілеп, қоғам өміріндегі маңызды құқықтық қағидаттарды айқындайды.
Бірі – елдің мемлекеттік келбетін танытса, бірі – оның құқықтық негізін бекітеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ақорда мен Ата Заң – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін айшықтайтын өзара сабақтас ұғымдар.
Елдің беріктігі – мемлекеттілікті құрметтеуден, заңды сақтау мен ортақ жауапкершіліктен басталады.
Раимжан Арайлым
