Түркістан бүгінде тарихи-рухани орталық қана емес, еліміздің маңызды туристік бағыттарының біріне айналып келеді.
Қазақстанның жаңа Конституциясындағы 40-бапта мемлекеттің Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға қамқорлық жасайтыны айқындалған. Бұл – тарихи ескерткіштерді қорғау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оларды келешек ұрпаққа жеткізу үшін берік құқықтық негіз.
Бұл бағыттың нақты нәтижесін Түркістаннан көруге болады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Күлтөбе қалашығы және басқа да тарихи-мәдени нысандар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып отыр.
Түркістанға келген әрбір қонақ тарихи мұрамен танысып қана қоймай, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне жақындай түседі.
Тарихы терең Түркістанның туристік әлеуеті – өңір экономикасы мен жаңа жұмыс орындарының да маңызды драйвері.
Бүгінгі Түркістан – тарихын сақтай отырып, болашаққа батыл қадам басып келе жатқан заманауи қала.
