Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»БІР ТОЛҚЫНДА – 2026
    Жаңалықтар

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    Студенттер апталығының соңғы күні ерекше атмосфераға, жарқын эмоцияларға және ұмытылмас сәттерге толы концерттік кешпен қорытындыланды. Мерекелік бағдарлама университет қабырғасында білім алып жүрген жастардың басын қосып, студенттік өмірдің мәні мен маңызын, ортақ қызығушылық пен достықтың құндылығын айқындай түсті.
    17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай университеттің қоғамдық өмірін жандандыруға, жастардың шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін дамытуға, студенттік бастамаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар студенттер мен студенттік ұйымдар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиевтің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат белсенді жастардың университет өміріне араласуға деген ынтасын арттырып, олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.
    Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек белсенді жастарды айтулы мерекемен құттықтап, алғыс хаттарды табыстады. Ол студенттердің бастамашылдығы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы оқу орнының тыныс-тіршілігін байытып, жастардың өз қабілетін танытуына жол ашатынын атап өтті. Мұндай қолдау студенттердің жауапкершілігін арттырып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға жігер береді.
    Студенттік өмірдің қызығы мен әсерлі шақтары, алғашқы сезім, студенттік махаббат пен жастық шақтың ерекше сәттері көрініс арқылы көрерменге ұсынылды. Концерттік бағдарламада жастардың өнері мен шығармашылық ізденісі көрініс тауып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сахналық қойылымдар мен музыкалық нөмірлер студенттік кезеңнің есте қаларлық сәттерін жаңғыртып, кештің мазмұнын аша түсті.
    Студенттік апта аясындағы мұндай кездесулер мен мәдени іс-шаралар жастардың бір-бірімен жақын араласып, ортақ орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар студенттердің сабақтан тыс уақытын мазмұнды өткізуіне, шығармашылық қабілеттерін шыңдауына және университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. Студенттік ұйымдардың атқарған жұмысы да осындай бастамалардың жүзеге асуына серпін беріп, жастардың ұйымдастырушылық тәжірибесін қалыптастырады.
    Кеш – өнер мен шығармашылықтың, жастық жалын мен ұмытылмас естеліктердің тоғысқан сәті болды! «Бір толқында – 2026» студенттердің бірлігі мен белсенділігін айқындап, апталықтың жарқын қорытындысына айналды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026

    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ТОҚАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТТІ

    23.11.2026

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.