Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды
    Жаңалықтар

    Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

    25.11.2026

    Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасында жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» (Түркістан облысы) және «Гишт-Куприк» (Ташкент облысы) өткізу пункттері ресми түрде өз жұмысын бастады. Жаңартылған нысандардың ашылуына Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев пен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров қатысты.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржы министрлігі шекаралық аймақтағы инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Айталық, Өзбекстан, Қытай және Түрікменстанмен арадағы шекаралық аумақта 9 автомобиль өткізу пункті жөнделіп, іске қосылды. Биылғы 10 айда шекарадан өткен автокөлік саны 25% өсіп, 2 млн жетті. Еліміз бойынша кеден төлемдері мен салық түсімі 4,3 трлн теңгеге (шамамен 10 млрд доллар) ұлғайып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20% артқанын айта кетейік.

    Бұл жобаның негізгі артықшылығы – жолаушылар көлемімен айқындалып отыр. Мәселен, 2024 жылы «Жібек жолы» арқылы 11 млн астам адам өткен. Өткізу пункті жөндеуге жабылған уақытта азаматтарға басқа бағыттармен қатынауға тура келіп, бұл іргелес жатқан өткізу пункттерінің жүктемесін арттырды. Маңызды нысандағы жұмыстың жандануы екі ел арасындағы бағытты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

    Осы ретте ауқымды жөндеудің аясында ескірген инфрақұрылымның орнына жалпы ауданы 10 мың шаршы метрге жуықтайтын екі жолаушылар терминалы салынғанын атап өткен жөн. Оның бірі елімізге келетін азаматтарды қабылдауға арналса, екіншісі шекарадан өтетіндерге шақталып салынған. Автокөліктерді тексеру үшін ауданы 6 мың шаршы метр болатын ортақ қалқа (жаппа) қарастырылған. Кіреберістегі қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. Жолаушылар мен көлік ағындары бөлініп, бұл аталған аумақтағы қозғалысты тиімді ұйымдастыруға әсер етеді.

    Қарбалас уақытта жаңартылған инфрақұрылым тәулігіне 100 мың адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Бұған қарап, тиісті нысанның мүмкіндігін бағамдай беруге болады.

    Терминалдар төлқұжатты тексеруге арналған 82 кабинамен және 20 автоматтандырылған Q-gate паспорттық бақылау жүйесімен жабдықталған. Заманауи жүйелер жекелеген бақылау рәсімдерін электронды форматта жүргізіп, жолаушыларға қызмет көрсету аясын кеңейтуге жол ашады.

    Кедендік бақылау бағытында рентген аппараттары, жолаушыларға арналған сканерлер, радиацияны тексеретін жабдықтар, сондай-ақ автобустар мен жеңіл автомобильдерді тексеруге арналған инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды. Техникалық жарақтандыру қауіпсіздік талаптарын сақтап, бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыруды көздейді.

    Тұтастай алғанда, «Жібек жолының» туризмнің әлеуетін арттырудағы маңыздылығы да зор. Мұнда жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктер мен жолаушылар автобустарына қызмет көрсетуге тиісті жағдай қарастырылған. Осы арқылы туристік бағыттар кеңейіп, автобус турлары жолға қойылып, халықаралық жолаушылар тасымалы, оның ішінде Қазақстан арқылы өтетін транзиттік маршруттар нығая түседі деп болжанған.

    Бауырлас елдердің халқына бұл отбасылық сапарға шығып, білім алумен қатар іскерлік қатынасты күшейтуге септігін тигізбек. Ал туристік компаниялар мен тасымалдаушы ұйымдар Қазақстан-Өзбекстан бағытының күретамырына қан жүгіртіп, тың серпін бере алады.

    «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» пункттерінің бірлескен ашылуы екі мемлекет көшбасшыларының стратегиялық әріптестік пен одақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған саясатының жалғасып жатқанын айғақтайды», деді Мәди Төкешұлы.

    Аталған өткізу пункттерін өзара келісіммен жаңарту екіжақты көлік қатынасы мен іскерлік әріптестікті, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға оң әсер етеді.

    Бұл рәсімге еліміздің тарапынан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ералы Тоғжанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қатысқанын айта кеткен орынды.

     

    ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026

    Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

    25.11.2026

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.