Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»БАСПАНАЛЫ БОЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Басты ақпарат

БАСПАНАЛЫ БОЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

31.07.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында әр азаматтың баспаналы болуына мүмкіндік жасауды тапсырып келеді. Соған орай Шымкент қаласының әкімдігі барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып шымқалалықтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда.

«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында несиелік бағытта баспаналы болудың бағдарламалары түсіндірілді. Аталған орталықта  Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев кезекті тұрғындарды тұрғын үй  мәселелері бойынша қабылдап, тұрғын үй кезегі арқылы несиелік бағытта баспаналы болудың жеңілдетілген бағдарламаларының  шарттары мен талаптары кеңінен түсіндірілді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы азаматтардың мәселелерін тыңдап, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға баспанамен қамтылудың ең  тиімді бағыттары «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ»  екендігін айтты.

Тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі  «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағыттарының талаптарына сәйкес төлемге қабілетті тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтардың өтінім жіберу мүмкіндігі бар. Ал, «Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тіркелген көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар санатындағы азаматтар  ғана қатыса алады. Сонымен қатар міндетті түрде төлем қабілеттілігі болу қажет. Бұл екі бағыт  бойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкінің интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.

Ал, 7-20-25 бағытына төлемге қабілетті, иелігінде жылжымайтын мүлік тіркелмеген барлық азаматтар қатыса алады. Азаматтар бірінші нарықтан тұрғын үйді немесе пәтерді өзі таңдайды. Бұл бағыт бойынша төлем қабілеттілігін растау үшін яғни пәтерді рәсімдеу үшін   екінші деңгейдегі 8 банк жұмыс істейді. Атап айтқанда, Банкцентркредит, Еуразиялық банк, Халық банкі, Сбербанк, АТФ банк, Жусан банкі, РБК банкі, Форте банк.

Айта кету керек, «Бақытты отбасы»  бағдарламасына 2021 жылға Шымкент қаласы бойынша бөлінген лимитке сәйкес «Отбасы банк» арқылы өтінімдер қабылдау аяқталған. Аталған бағытқа қатысуды көздеген  азаматтар келесі жылы  Отбасы банкіне өтінім тапсыра алады.

«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.