Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Басты ақпарат

ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

03.08.2021

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қазақстандықтарға жайлы өмір сүруге, тұрмыстық деңгейін көтеріп, күнделікті тіршіліктерінің сапасын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының әкімі маусым айынан бері жүргізіліп жатқан алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысын жиі қадағалап, бақылауында ұстап отырады.
Сондықтан да қаладағы аудандар әкімдері де бұл жұмысты өз назарларынан тыс қалдырмауда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген. Сол себепті де ол көпқабатты үйлердегі мыңдаған тұрғындардың қыста жылы да жайлы пәтерде ыстық суды пайдалануына мүмкіндік жасау аудан әкімдігінің жауапкершілігіндегі жұмыс. Яғни, аудан әкімі өзіне тиесілі территориядағы қысқы маусымға дайындық жұмысын қадағалап, сапалы жүргізілуін тексеріп отырады.
Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.
Әл-Фараби әкімдігі мамандары тарапынан үй басқарушыларына қысымдау, сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілуде. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.