Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Дарынды жастарды қолдаған байқау
    Басты ақпарат

    Дарынды жастарды қолдаған байқау

    09.08.2021

    Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында шымқалалық жастардың дарынын қолдауға арналған іс-шаралар өтіп тұрады. Ағымдағы жылғы шілде айының 7 мен тамыз айының 7 күндері аралығында «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен мобилографтар арасында байқау өтті.

    Бір ай бойы жалғасқан байқауға 15-25 жас аралығындағы 20-ға жуық мобилографтар бақ сынасып, өз материалдарында Шымкенттің туристік нысандарын көрсетуге тырысты. Ұзақтығы 1 минутқа дейінгі Шымкент қаласының көрікті орындары түсірілген видеолар келіп түсті.

    Шымкенттің туристік әлеуетін арттырып, дарынды жастарды қолдауға бағытталған байқаудың жеңімпаздарына демеушілер тарап 100 мың теңге қаржылай сый үлестірілді.

    Шығармашыл жастардың жұмысын арнайы қазылар алқасы анықтады. Әділқазылар құрамында – «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері, кәсіпқой фотограф -Мақсат Шағырбай және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер – Серік Таласов бар. Тәжірбиелі сала өкілдері байқау қатысушыларының видеоларды саралай келе жеңімпаздарды анықтады. Креативті түсірілім жасап, сапалы кадр жасаған үздіктер төмендегідей.

    I орын – Айдана Шырынбек, Ернұр Құрайыш
    II орын – Келесбек Нұрболат
    III орын – Баянов Мейіржан
    – Қыз балалардың видео түсіру саласына бет-бұрғаны және ер азаматтармен қатар сапалы роликтерді жасауы қуантарлық дүние. Кадрда түнгі түсірілімдер бар, бұл қыз баласының тарапынан үлкен еңбек деп ойлаймыз.1 минуттық роликте кадрлар мен музыка үйлесім тапқан», – деді Мақсат Шағырбай.

    Яғни 100 мың теңге қаржылай жүлде бірінші орын алған екі қатысушыға берілді. Екінші және үшінші орын алған азаматтарға бағалы естелік сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.

    Айта кетейік, байқауға ұсынылған материалдың авторлық құқығы «Visit Shymkent» ақпараттық орталығының меншігіне берілді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.