Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
    Басты ақпарат

    ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

    09.08.2021

    Мемлекет басшысының Жолдауында құқық қорғаушыларға халықпен тығыз жұмыс жасап заңдылықтарды сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң ережелері мен талаптарын түсіндіру арқылы ғана мемлекет пен азаматтар арасында сенім орнығып, жауапкершілік артатыны ескертілген. Шымкент қаласы полиция Департаменті жоғарыдағы жағдайлар бойынша пандемиялық кезде де карантин ережелерін сақтай отырып халықпен тығыз жұмыс жасап келеді.
    Шымкенттік полицейлер суға шомылуға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
    Жаз мезгілінде қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі. Суға батып кетудің негізгі себептері — қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйінде түсу, сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен орын алады.
    Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-фараби АПБ-ның қызметкерлері тұрғындарға «Судағы қауіпсіздік шаралары мен ережелері» туралы толығырақ түсіндірді. Субұрқақта шомылуға болмайтынын айтып, электр қатеріне ұшырау қауіпі бар екенін ескертті. Жас балалардың суда жүзе алмауы, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы — орны толмас қайғы мен өкінішке айналатын кездер көп.
    Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суда балаларды қараусыз қалдырмауға, тек рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылуға кеңес береді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.