Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
    Басты ақпарат

    Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    09.08.2021

    Биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Жолдауында Мемлекет басшысы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттігін, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың жазасын қатайтып, жолын кесуді тапсырған.

    Құқық бұзушылықтың жолын кесіп, алдын алудың тиімді бір жолы адамдармен, ұжымдармен кездесіп заң бұзушылық үшін қандай жазаларға душар болатынын, заң бұзуға бармауды түсіндіру болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК ұжымымен кездесу өтті.

    Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Ветеринариялық қызмет мекемесінің директоры Н.Зейнолла, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысты.

    Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар қатысушылардың назарына жеткізілді.

    Одан бөлек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылып, парасаттылық құндылылықтары сөз етілді. Жиын соңында жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, жемқорлықпен күрес шаралары барлық мемлекеттік мекеме басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.