Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ
Басты ақпарат

2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

12.08.2021

Мемлекет басшысының еңбекті қорғау туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

Басқарма басшысына есепті кезеңде бірыңғай ақпарат орталығы арқылы еңбек қатынастары, өндірістік қауіпсіздік саласына қатысты 23 хабарлама түсіп, барлығы мерзімінде орындалған. Сонымен бірге осы уақыт ішінде жалпы 584 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 104 тексеру жүргізіліп, 182 заңбұзушылық анықталып, 68 нұсқама берілген. Тексеру нәтижелерімен 4,5 млн. теңге көлемінде 25 әкімшілік айыппұл салынып, 21 қозғалған әкімшілік іс бойынша 2,9 млн. теңге айыппұл өндірілген. Бірқатары мерзімі келмеуіне байланысты бақылауда»,-деді Б.Қалжанов.

Есепті кезеңде өңіріміз бойынша 5 кәсіпорында 90 жұмыскерге 15 млн. теңге жалақы қарызы бар екенін баяндаған басқарма басшысы бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Одан бөлек, Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 35 кәсіпорындағы 1960 жұмыскердің 166,5 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары өтеліп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалған.

Еңбек инспекциясы басқармасының алты айда атқарған жұмыстарын тыңдаған қала әкімі индикаторлардың орындалуын қадағалауды тапсырды. Әрбір еңбек етуші өзінің қорғаушысы бар екенін сезінуі үшін басқарманың статусымен, танымалдылығын арттыру қажет екенін назарға алды.

«Еңбегі қорғалмаған адам кімге шағымданатынын білуі керек. Шағым шешімін тауып жатуы тиіс. Бұл процес жарнамаланып отыруы керек. Қысқаша, халық бұл басқарманы тануы қажет. Яғни, меже белгілі болмай, кез келген жұмыста жүйе болмайды»,-деді әкім.

Еңбекті қорғауда халықаралық тәжірибелерді зерделеп, оң үрдістерін бізде қолдану бойынша қала әкімінің берген тапсырмасына сәйкес Еуроодақ, АҚШ, Жапония елдерінің тәжірибелері зерделеніпті. Осының негізінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған барлық хабарламаларды ескеру бойынша жоба іске қосылды. Ұқсас жоба АҚШ — да тиімді іске асырылып келеді. Осы мақсатта Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы және Шымкент қаласының ситуациялық орталығының арасында меморандум түзілді.

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

22.09.2026

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

22.09.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

22.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.