Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАР АЛЫНДЫ
    Басты ақпарат

    ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАР АЛЫНДЫ

    12.08.2021

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қазақстандықтарды әлемде қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайда мықты мемлекет болу үшін қоғамдық келісімді, ір істе әділеттілік пен заңдылықты сақтауға деген жауапкершілікке шақырды. Шындығында бәсекеге қабілетті, мықты мемлекет болу үшін ірі, кіші демей әр істе жауапкершілік таныту, заңдылықты сақтау маңызды. Онсыз қоғамдағы келісім де, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ілгерілеу де болмайды.

    Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою  мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.

    Рейд барысында негізгі көшелердің бірі – Темірлан тас жолы бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды.  Нәтижесінде 15 заңсыз жарнама аудандық кірістер басқармасына тіркеуге жолданып, 10 жарнаманың заңдылығы анықталуда.

    Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

    Жарнаманы орнатар алдында қалалық мәдениет басқармасымен келісіліп, кейін орнатқан мекенжайы, қанша уақыт тұратыны жайлы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына хабар берілу керек. Әрбір жарнама кірістер департаментіне салық төлеу мақсатында тіркеледі.

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.