Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»70 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ
Басты ақпарат

70 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

13.08.2021

Мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктің тұрғындарын Солтүстік облыстардағы бос жұмыс орындарына тарту үшін тұрақты тұруға көшіріп әкелу мәселесін Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев көтеріп, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған.
Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті. Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді.
Аталған бағдарламаның мақсаты — оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер сұранысқа ие.
Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері — 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі.
Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, кәсіптерін дамытып отыр.
Солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша Бәйдібек би даңғылы, 32 А ғимараты, «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығынан қосымша ақпарат алуға болады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

27.09.2026

Военнослужащие, погибшие при исполнении воинского долга, награждены государственными наградами.

27.09.2026

Әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан сарбаздар мемлекеттік наградамен марапатталды

27.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

05.10.2026

БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

05.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ УЧИТЕЛЯ ЧЕСТВОВАЛИ ПЕДАГОГОВ

05.10.2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОТЫРАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

05.10.2026

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

05.10.2026

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «STREET FOOD FEST»

03.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

03.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.